Өзінің жарты бет ролін жаттай алмай жүрген іні-қарындастың да қылығына төздік...
Істеп жүрген кәсібімнің айналасында барлық жұмыстан хабардар болу керек деген дағдым бар. "Мен тек актермын, мен режиссер" - деп, қол қусырып отыра алмаймын. Ондайларды айыптап отырғамын жоқ, бәрін білу, игеру мүмкін де емес. Білмеуі де, қолынан келмеуі де мүмкін, "кішірейіп қаламын" - деп, ыздиатындары да бар.
Жақында түсірген жобаға автор, режиссер, актер болып қана емес, кейде суретші, кейде гример, кейде самаурын жағушы, кейде зыр етіп барып, орындық қоюшы болып, "атқа жеңіл телпекбаймын" өзім, зуылдадым. Оныма арланбаймын. Ол ісің көзге көрінбеуі де, еленбеуі, бағаланбауы да мүмкін. Өнердің бағасы бақырмен бағаланып жатқан жоқ па онсыз да.
Қазір бізде жастар жағы есепке жүйрік, артық қимылын санап шыға келеді. Ондайда аттандап тұрып, уақыт өткізгенше өзімнің атқара салғаным абзал. "Актермын!" - деп, шіреніп, өзінің жарты бет ролін жаттай алмай жүрген іні-қарындастың да қылығына төздік... қайсы бірін айыптап боласың оның.
Әкем, Әбдіғалым Наймантаев режиссер және суретші болатын. Сондықтан бала кезден сахна өнерін мен солай қабылдап өстім, үйрендім. Монтаж столында монтаж жасауды да, фотошоп пайдалануды да меңгердім. Грим деген әуел бастан, институт қабырғасында оқытты. Басқасы өмірден көрген, түйгендер.
Өмір сүруге бейімділігімнен, қабылетімнен, көбінен арттамын, мойындаймын, Көкірек те бар шығар... Тек таңдаған мамандығыма осылай қараймын, осылай жұмыс істеймін. Ілеспегендер, құптамағандар өзі білсін...
Асқар Наймантаев
Фейсбуктегі парақшасынан