Сен тұр - мен айтайын!

Пәленшенің иті болмаған екенбіз, біз көрмеген рахаттың бәрін сол көріп отыр

  • Пәленшенің иті болмаған екенбіз, біз көрмеген рахаттың бәрін сол көріп отыр

    Пәленшенің иті болмаған екенбіз, біз көрмеген рахаттың бәрін сол көріп отыр

Ораза кезі ғой, барынша жақсы сөз жазуға тырысасың.

Бірақ, кейде қай-қайдағы есіңе түсіп кетеді)

Осыдан он жыл бұрын-ау, жаңылмасам, бірде аш, бірде тоқ жүретін күніміз...

Көбіне ақша үнемдеуге тырысамыз, өзімізше ақылды боп)

"Одан да ақшамызды жиып, игілікті іске жұмсайық. Аштан өлген адам жоқ қой, осы!" деп, көндіресің өзіңді.

Онымен қайда, полюбому жеме-жемге келгенде тапқаныңның тең жартысы тамаққа кетеді де тұрады.

Айтайын дегенім бұл емес дегендей, бір күні мынадай қызық болды.

Құрбым бір ерке әншіден сұхбат алған ғой. Кемедей көлігімен келіп, соның ішінде отырып әңгімелесуге шақырыпты, біздің қызды. Сұхбат бастала бергенде артқы жақта біреудің отырғанын байқап қалдым дейді. Анықтап қараса, ит екен. Кәдімгі бульдог. Алғашында шошынғанмен сосын үйреніп алып, нормально отыра беріпті. Сұхбаттың орта шеніне қарай әлгі әнші қыз пакеттен үлкен шұжықты (колбаса) алып, итіне лақтыра салыпты. Онысы "қылқ" еткізген. Біраздан соң жаңағы "трюк" тағы қайталанады. Бұл жолы басқаша "бірдеңе" берген. Ол аздай иттің күнтәртібін, өмір салтын әңгімелеп берген ғой, сұмдық әсерлі етіп)

Таңғы, түскі асын ішіп үлгермеген құрбымның мазасы кете бастапты.

Содан... жылдам әрі өте сүлесоқ қалыпта әңгімені аяқтап, редакцияға келді.

Сұхбат қалай өткенін айтар-айтпас, "түй, пәленшенің иті болмаған екенбіз де. Біз жемегеннің бәрін жеп, біз көрмеген рахаттың бәрін сол көріп отыр" деп, бәрімізді күлкіден "жара" жаздағаны бар.

Жастық-ай! Қазір дәл сол жағдай қайталанса, итін көрген жерден бастап сұхбатты үзесің ғой)

Ешқандай пәлсапа іздеп қажет емес. Тәрбиелік мәні де жоқ, әңгіме. Жай, есіме түсіп кетті)

Өзімнен өзім күлкім келсін, адамдардың ортасында7

Ауызашарда отырғанбыз.

Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы дегендей ғой...


Алия Кудайбергенова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1992    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.05.2019, 09:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Мамыр, 16:01
    Ифтар емес, Ауызашар
    4 Мамыр, 10:49
    Қалжа ма, гүл ме?
    29 Сәуір, 11:02
    ТҰҚЫМЫ БӨЛЕК БӘЙГЕ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31