Пәтер жалдап жүре бергенің артық шығар?

28 сәуір 2022, 11:54

Бізде мемлекеттік бағдарламамен салынған (ипотекаға берілетін, тегін берілетін тб) көп қабатты үйлердің көбі өтірік салына салған. Сондай үйлердің бірнешеуіне бардым. Бөлмелерінің үйшік сияқты тарлығы туралы айтпай-ақ қояйын, сапасы сын көтермейді. Кәдімгі қалай болса солай салына салған сылақ үйлер сияқты) не сән жоқ, не сапа жоқ.
Тіпті ауылдың үйлері анадай сапамен салынбайтын шығар? “Мынаны алып жүйкең жұқарғанша, пәтер жалдап жүре бергенің артық шығар?” деген ойға келесің. Бәрі бірдей демеймін, көбі сондай. Адамдар амалдың жоқтығынан, әйтеуір арзан түскен соң бас тарта алмайды-ау деймін.
Салған адам неге ұялмайды екен?

facebook.com парақшасынан