Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Пәтердің жайын шешіп берейін сіздерге

27 қыркүйек 2022, 16:08

Пәтердің жайын шешіп берейін сіздерге))

 

Шетелде, әсіресе АҚШ-та салық заңы өте қатал.  Ол заңдары ешкімнің бет-жүзіне, атақ-даңқына қарамайды. Салық төлеуден жалтардың ба, біттім дей бер. Апарады да қамайды.

 

Бізде ол өте жеңілдетілген. Салықтан жалтарудың жолдары көп. Сондықтан, көптеген заңсыздықтар әшкереленбей қалады.

 

Мысалы: Бізде мемлекеттік бағдарламалармен үкіметтен үй алатындар көп. Соның бәрі заңды алып отыр десеңіздер қателесесіздер. Мың жерден тұрғынүйді тоқтаусыз соқсақта, тұрғынүй мәселесін үкімет неліктен шеше алмайтынын жобалап көрейін.

 

Өзімнің қаншама таныстарым, осындай тұрғынүйлерді арнайы бағдарламалармен алған. Қаншама бай-бағландардың қос-қостан үйлері бар. Бәрі дерлік екінші, үшінші үйлерін жалға беріп қойып, солардың иппотекасын пәтер жалдаушылардан алып-беріп отыра береді.

 

Бұл жүйені өз алдарына ұтылмайтын табыс көздеріне айналдырып алған.

 

Бір-екі миллион біреулерге пара беріп нағыз мұқтаждардың ауызынан жырып алады да, сол мұқтаждардың өздеріне пәтерге беріп отыра береді. Рахат!

 

Өйткені, бізде осыған заңымыз рұхсат береді. Ал, егерде әрбір жалға берушіні салық төлейтін ететін болса, олардың арттары ашылады. Өйткені, олар бұл пәтерлерін "тұратын баспаналары болмай сандалып жүріп әзер қол жеткізген мұқтаж жандар" бола тұра, қалайша өзгелерге пәтерге береді?!

 

Осыған дейін қаншама пәтер жалдап келдік. Бәрі мемлекеттік бағдарламалармен алған. Бәрі пәтерге беріп қойған. Бұл - Байлардың ұтылмайтын бизнес көзіне айналған. Әрі, үкіметке бір тиын да салық төлемейді.

 

Әрбір пәтерін жалға берушілердің түбі қазбалануы керек. Егерде, мемлекеттік арнайы бағдарламалармен алып  оны өзгеге пәтерге берген болса, сол үйлері сотпен тәркіленіп, кезектегі нағыз мұқтаждарға берілуі керек.

 

Ал, ақшасы барлар өздері сатып ала берсін.

 

Әрбір пәтер тауып берушілер де кемінде 30 000 алады қызметіне. Олар қайда төлеп жатыр салықтарын?

 

Осындай кәсіпкерлердің әрбір жасаған келісім шарттарын салық органдарына тіркелуін міндеттеу керек. Ол пәтердің қандай жолмен алынғандығы жайлы толық ақпараты салық комитетінде болуы керек.

 

Заңсыз жұмыс істегендер болса өте қатаң жаза тағайындалуы керек. Сонда ғана біздегі қаншама мәселелер оңтайлы шешілуіне үлкен себебі болар еді.

 

Осы барғой...

 

Біздің үкіметке "айды ойлап табудың" қажеті жоқ. АҚШ-тың салық заңын қаз-қалпында әкеліп заңдастыра салса болады.

 

 

Рүстем Есімханұлы Ашетаев

Фейсбуктегі парақасынан