Пәтерімді 700-800 мыңға өткізіп, ауылға барып аяқты асып тастап жатсам ба екен

23 қыркүйек 2022, 14:06

Алматыда пәтер жағалап жүргендер жаппай баспаналарынан қуылып жатыр екен. Қашқын орыстың ақшасына қызыққандар өз қаракөздерін пәтерден шығарып жатыр.

 

Орталықтағы екі бөлмелі пәтерді жалдау құны 400 -500 мың теңгеге бірақ көтеріліпті. Бұл басы ғана. Енді екі аптадан кейін бағаны ауыздықтай алмай қаламыз-ау.

 

Менде пәтерімді (4 бөлме, орталықта) 700-800 мыңға өткізіп, ауылға барып аяқты асып тастап жатсам ба екен?

 

 

Диас Нұрақын

Фейсбуктегі парақшасынан