Көкжайлаудың жырына Қ.Тоқаев нүкте қойды.
2018 ж. ақпан айының 8 жұлдызында Шымбұлақтың аспалы жолында шүйіркелесе кеткен мынау азаматпен таныса келе білгеніміз 1997 ж. Эверестің 8 300 метріне дейін жеткен атақты альпинист "Қар барысы" Олег Маликов екен.
Олегтің айтуынша, "Шымбұлақ" шаңғы базасы трассаларының жалпы ұзындығы құжат бойынша - 12 км деп көрсетілгенмен, трассалардың жалпы ұзындығы 3 км-н аспайды.
Сөзінің соңында, Маликов Шымбұлақты толтырып алмай отырып, "Көкжайлау" кешенін саламыз деп жүргендерді түсінбейтінін айтқан..
Ал Түркістан облысында құрылысы басталғанына бірнеше жыл болған "Қасқасу" шаңғы базасы трассаларының жалпы ұзындығы 34 км болады деп жобаланған..
2 млн тұрғыны бар Алматының тап іргесінде орналасқан, барлық инфраструктурасы жасалған сол Шымбұлақта сол кезде көрген саусақпен санарлық туристерден түскен ақша аспалы жолға кететін электр энергиясын жабуға жетер ме екен?
Иə, арасында бірен-саран шетелдіктер жүр.
Иə, сенбі-жексенбі күндері демалушылардың саны едəуір артары сөзсіз. Бірақ, бірен-саран шетелдіктер мен 2 күндік сапырылыс көп пайда əкеле қоюы екіталай.
"Медеу" мұз айдынында да көргеніміз сол болды..
Қайталаймын:
#Шымбұлақ_12км
#Қасқасу_34км
Сондықтан, Түркістан облысының əкімдігі ""Қасқасу" шаңғы базасы пайдалануға берілсе шетелдік туристер ағылады" деген мифтен арылу керек.
Не істеу керек?
Жалғыз-ақ амал бар..
Дəл қазіргі осы салада қалыптасқан ахуал - "Кәсіпкер кәсіпкер үшін" екенін, қарапайым халық үшін бағалар қол жетімсіз екенін бəріңіз білесіз..
"Тойға баруды азайтса жетер еді" деген уəж жүрмейді...
Республика халқы мен оның 16-17%-н құрайтын Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындарының төлем қабілеттілігін арттырмаса бірнеше шаршы/шақырым аумақты алып жатқан алып құрылыс бітсе, пайда табу көзі емес, артық шығын болары анық.
Өзге қызметкерлерді айтпағанда, тек күзетшілерінің өзіне жалақы тауып беру қиын болады..
Қысқасы, есеп-қисабын қайта қарау керек..
Өмір Шыныбекұлы
Фейсбуктегі парақшасынан