«Педагог шебер» атағын алуыңыз үшін сабақ бермеуіңіз керек...

«Педагог шебер» атағын алуыңыз үшін сабақ бермеуіңіз керек...

«Әттестәция»


Информатика пәні бойынша аттестациядан өтейін деп үш жыл қалғанда дайындаласың. Әр жылда сапа көтеріліп тұруы керек, ереже бойынша. Бірінші жылы білім сапасын 65 процентке «көтер». Екінші жылы 75 процент, үшінші жылы қайдан шықсаң одан шық деп 95 процентке «көтер». Сонымен білім сапасының мәселесі шешіледі. (Білім сапасы көтеріледі осылай жасасақ дегендер үшін, утопия!!!)
Енді директор мен оқу ісі меңгерушісін қатыстырып 10 минуттан үш сабақ видеоға түсірсең, сараптама жаздырып алсаң жетіп жатыр. Видеоны да қатыр. Қызықтың барлығы тест тапсыруға барғанда басталды. Маңайың камера. Алдыңда кәмпөтір. 240 минут уақыт берді. «Педагог шебер» санаты. Өту үшін 63 сұрақ пән бойынша, педагогика оқу әдістемесі бойынша 27 сұраққа дұрыс жауап беруің керек. Бұрын 20 сұрақ заңнан келетін, заң соғып кете ме деп қорықты ма оны алып тастады. Сонымен сұрақтарға жауап бере бастадың. Уорд редакторының «ана кнопкасы» қай жерде орналасқан? Жауаптың ішінде жоқ, ал ізде. Менде Уорд &ndash 2016 орнатылған еді. Сұрақ басқа версиясынан келіп тұр-ау деймін. Не істейін, ары қарай өткізіп жібересің. Информатикадан өту үшін төндірмей-ақ қояйын, «СУПЕР ПРОГРАММИСТ» болуың керек. Бағдарламада өзгеріс көп, тез дамиды, күнде өзгеретін ғылым, сондықтан соңына жету мүмкін емес. Бұрын «Паскаль» бағдарламасы болған, қазір «Питон». Оның үстіне мұғалім барлық қолданбалы программалармен үнемі жұмыс жасамаса ескіріп советтің «мәсквич» мәшинесіндей метолломда қаласың. Робот құрай білуің керек. Веб программалауды білуің керек. Офис пакеттерімен толық жұмыс жасауың керек. Әсіресе кестелік процессормен түрлі есептер операцияларды орындай білуің керек. Ал жағдай әр мектепте әр түрлі. Пираттық бағдарлама көбі! Әркім әртүрлі «матормен» жүр. Біреуі 7, біреу 10, біреуі 32, біреуі 64 разрядтармен жүр. Одан әрі 3Д графика, векторлық графика және бар. Скретчпен мультик құрайсың, былай барып программалаудың құлағын бұрайсың. Желіні реттеп келесің, веб сайтты тегтеп келесің. Видео монтаж, аудио монтаж жасайсың. Жасанды интелектті жобалайсың, стартаптар жасатасың. Мобилді приложение құрауың қажет. Бағдарламада нақты түрін-түстеп бекігені жоқ. Жалпылама. Ал осының ішінен тауып көр. Талай әріптестерім тесттен құлады. Ал төменгі балл категориялары өтті. Информатика бір орында тұрмайды, өзгермелі ғылым. Сондықтан тест тапсырарда көп дайындықты қажет етеді. Оның үстіне тест сұрақтары орысшадан тікелей аударылса тіпті қиын. Программаларды оқытуда Қазақстан бойынша біркелкі программаларға ауыспай осылай адасу бола береді. Информатика курсы бойынша көп нәрсені қамтығысы келіп тықпалай берген. Амал не менің қолымда тұрған дүние емес. Одан да төменгі сатыға берген дұрыс па еді өтінішті. «Данышпан» информатиктер бар шығар. Дегенмен цифрлық сауаттылықтың бүгінгі жай-күйі осы. Келесі сұрақты таңдап көрейін. Сылтауың көп деп ойлап отырған боларсыз. Жоқ. Шындығы осы. Мені қойшы, денешынықтыру мұғалімдерін аяп отырмын. Олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы сынақтарын тапсырады. 3 км, турник, секіру тб дегендей болуы мүмкін. Ал «болашақпен» оқып келсеңіз тест тапсырмайсыз. НЗМ да жеңілдіктер бар. Қиындықтың барлығы қатардағы мұғалімде. Ал білім беру ұйымдарының директорларына тіпті қиын. Ол 4 жылға отырса, оның бір жылы оқумен өтеді, үш жылдан соң тест тапсырады, ол аттестациядан өтуі үшін мектебінің «күнделік.кз» қалай толтырылғанын тексереді. Бір мұғалім бір жерін толтырмай кетсе өткізбеуі мүмкін!). Ал аудиторияда шпормен ұсталсаңыз категориядан айырылып қалуыңыз әбден ықтимал.
«Педагог шебер» атағын алуыңыз үшін сабақ бермеуіңіз керек. Үнемі кітап жазып, халықаралық сайыстарға қатысып, методикалық құралдар әзірлеп, Алтынсаринмен бірлесіп түрлі жобалар тб әзірлеуіңіз керек.
Портфолио электронды түрде болуы мүмкін, форматы анықталған жоқ. Министрдің айтуына қарағанда жетістіктер НОБД да әр мұғалімнің парақшасында болады. Оны тексеру үшін комиссия құрылады. Бірақ тетіктері қарастырылмаған. Оны кім құрады? Олардың құрамына біздікі сияқты үкіметтік ұйымдардың өкілдерін қалай қосуға болады?! Белгісіз. Ары қарай болжауға, тұжырымдауға болар еді. Әзірге осы.

Жалғасы бар...

Meirzhan Temirbek

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста