Сен тұр - мен айтайын!

Періштенің налығанынан қорықпайтын қандай қатыгездік бұл?!

  • Періштенің налығанынан қорықпайтын қандай қатыгездік бұл?!

    Періштенің налығанынан қорықпайтын қандай қатыгездік бұл?!

Кешегі Астарлы ақиқаттан соң ұйықтай алмадым. Құрғыр-ай, мұндайды да көрдік қой. Анам дүниеден ерте өтті. Үш баламен әкем жалғыз қалды. 1995 жылдар тоқырау заманы еді. Тамақ та, ақша да қат кезең еді. Пенсияға бір қап ұнмен бір қап күріш беретін заман еді ғой. Сол кезеңде әкем бізді тастаған жоқ. Талай адам ішіп кетсе, сол кезде ішіп кетті. Бірақ әкем сынбады. Еркек басымен үшеумізді өсірді, оқытты, жеткізді. Өзім де 21 жасымнан екі қызымды жетектеп жүріп өсірдім. Болашағымды ойлағанда түні бойы жастығым су боп кететін. Алматыға келіп пәтер жағалап та жүрдім. Бірақ шаршадым дегізбеген Аллаға сансыз шүкір дедім. Тәубе, қазір бір ат басын бұратын шаңырақпыз. Кешегі балаларынан ешқандай эмоциясыз бас тартқан ананы көріп, өкіріп тұрып жыладым. Түйген ойым, баламыз қанша ауырса да, тағдыр қанша сынаса да шаршау дегенді білдірмеген Аллаға мадақ айттым. Астарлы ақиқат біткен соң үйдегі кісіге "Алтынайымның денсаулығын реттеп алып, алдағы бір бес жылда бір бала асырап алайықшы" деп ем, ойыма алсам, оны істейтінімді біледі ғой, үндемей қалды. Қазақта "жерде бір жетім жыласа, көкте мың періште күңіренеді" деген сөз бар. Әттең-ай, баласынан бас тартқан ана, ауыртпалықтан құтылдым десе қатты қателеседі. Енді оның жолында тек қана кедергілер тұрады. Өйткені періште жүрекке үлкен сызат түсті ғой. Періштенің налығанынан қорықпайтын қандай қатыгездік бұл?! Бұған кімді кінәлаймыз?Анасы мен баласына жағдай жасай алмай отырған бүгінгі жүйені ме, қоғамды ма, адамды ма, заманды ма?! Дүние-ай десеңші...


Карлыгаш Зарыкхановна

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1558    Пікірлер: 0

жұма, 31.05.2019, 11:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31