Сен тұр - мен айтайын!

Перзентін тастап кететін, махаббатшыл келіншектер көбейді

  • Перзентін тастап кететін, махаббатшыл келіншектер көбейді

    Перзентін тастап кететін, махаббатшыл келіншектер көбейді

Кеше бір жігіт хабарласты. Оның өтініші ойымнан кетер емес.
Ол Алматыда тұрады. Бір әйелді күйеуінен ажыратып, тартып алуға көмектесіңіз дейді.
Естімеген елде көп деп бекер айтпаған. Жұрттың арыз-шағымын естіп, кейде мұндай оқиғалар бұрын болған ба, әлде өмір салтымыз, көзқарас өзгерді ме деп өзіме жиі сұрақ қоямын.
Әңгіменің арқауы болған келіншек 4 баланың анасы, ерінен ажыраспаған . Үшінші күйеуі екен.
Келіншек шағымданушы еркектің үйін екі апта паналайды.Қайынсіңлілері бөтен үйде жүрген жеңгесін алып кетіпті. Мына жігіт ері бар қатынды бермеймін деп, солармен бір сағат шайқасыпты.
Келіншек үшінші күйеуіне оралады. Бірақ оның ері қайда? Ынжық біреу шығар деп ойладым. Өз жарын неге іздемейді? Адам мал жоғалса ұйықтамайды. Ал 4 баланың анасы неге қаңғып жүр? Қысқасы бұл ерлі-зайыптының шаруасы , ұстанымы , өмір сүру салты болар. Араласуға ешкімнің хақысы жоқ. Көмек көрсетуден бас тарттым.
Ешкім әйелді еркінен тыс мәжбүрлеп алып кетпеген. Бірақ шағым айтқан жігіт "біреудің жұбайын бәрібір тартып аламын" дейді.
Ал қаңғып жүрген әйелдің 4 перзентін кім бағу керек? Мұны махаббат деуге аузым бармайды. Осындай перзентін тастап кететін, махаббатшыл келіншектер көбейді.

facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 2799    Пікірлер: 0

сенбі, 27.03.2021, 13:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31