Сен тұр - мен айтайын!

Петропавл мен Павлодар әлі күнге орысша боп тұрған соң, ресейдің саясаткерлері "біздің жер" деп иемденуіне өзіміз жол беріп отырмыз

  • Петропавл мен Павлодар әлі күнге орысша боп тұрған соң, ресейдің саясаткерлері

    Петропавл мен Павлодар әлі күнге орысша боп тұрған соң, ресейдің саясаткерлері "біздің жер" деп иемденуіне өзіміз жол беріп отырмыз

Петропавл мен Павлодар әлі күнге орысша боп тұрған соң, ресейдің саясаткерлері "біздің жер" деп иемденуіне өзіміз жол беріп отырмыз. Абылай, не, Тәуке хандардың емес - қолақпандай қос бірдей патшаларының атымен аталған жерді "біздің патшаларымыздың жері екен ғой?" деп, "иемденгісі келген" базынасы орынды. Өздері өлсе екі облысты қазақтың атымен атар?! Жоғарыдағылар көне атын бергісі келмесе, қазақтан шыққан екі мықтының атын беріңіздерші, құдай үшін?! Ресейліктер орыс атауын көрсе әлімжеттікпен ойыншық тартып алуға дайын тұратын балаша "менікі" дейтін әдеті барын қашан ескереміз, ә? Нотаңа пысқырған саясаткерді көрмедім. Ее, кіл ұйықтап отыратын депутат пен сенаторларды жинап алып, бас көтеретін біреуін таппай қор болдың, Мамай, ә?! Әлігі, бірін-бірі асыра мақтап, қолтықтасып жүретін "политологтар" қашан оянар екен? Бір байқағаным, біздің "саясаткерлерде" еркін ой, ашық позиция жоқ! Бәрін "папа-мамасы" балабақшадан шығармай, ақиқатты іреп айтқызбай, горшокқа тізіп отырғызып қойғандай "бірауыздан" сөйлейтіне таң қалумен келем. Әлігі ресейлік саясаткерлердің "Қазақта жер жоқ" деген масқарасына ашық бас көтерген біреуі жоқ?! Біздің телеарналардың 80% орыс тілді. Неге орыс тілінде (ресейліктерге түсінікті болуға) ашық алаң ұйымдастырып, саясаткерлер қорықса - сүбелі тарихшыларды шақырып тойтарыс бермеске?! Е, айтпақшы, оған саналары әлі жетпеген дей салайық иә?) Еее, жалған-ай, "шөпкетышарлардың" бәрі Тәуелсіздік күніне арналған марапаттарды пәшкілеп алып, мерекені тойлаудан шаршап, келесі марапатқа дейін қалың ұйқыға кеткенін ұмытып кетіппін ғой?! 




Көрілген: 3424    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.12.2020, 18:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31