"Пілдің пір жерін" ұстап тұрғандай ісініп алыпты

31 шілде 2021, 10:27

"Келесі аптадан бастап, қаларалық автобустар тоқтайды.  Шымкент қаласына локдауын орнатылады" дегенге бүгін -ертең өмір бітіп қалатындай адамдар алдын ала қамданып жатыр. 

 

Бәрін қойшы.  Бір күннің ішінде қолдан қымбатшылық жасап, "Алсаң ал,  алмасаң бадал"  деп безірейіп тұрған саудагерлерді көріп көңілім құлазып сала бергені. 

 

Таксисттерге не жоқ? Кеше ғана Шымкенттен ауданға қайтпақ болып, такси тоқтатқанмын.  Әншейінде 200 теңгеге жалынып-жалпайып алып кететін таксисттерің "пілдің пір жерін"  ұстап тұрғандай ісініп алыпты. 

 

-Асығыстау едім,  көкетай хотя бы ауданға дейін 500 теңге берейін ала кетіңізші!

 

Көнбеді сабаз.  Менен кейін де " пәлен берейін" деп жалынған кісілерді де мәшинесіне мінгізбей бос кетті. 

 

Пейіліміз не болып барады құрысын!

 

Имандылау бірі жолығып " 300 теңгемен ала кетейін " дегенде, қанағатшылдығына риза болып "үш мың теңге"  бергім келіп кеткені-ай.

 

 

 

Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан