Сен тұр - мен айтайын!

Полицейлерден бұрын дәрігерлердің айлықтарын көбейткен дұрыс-ау...

  • Полицейлерден бұрын дәрігерлердің айлықтарын көбейткен дұрыс-ау...

    Полицейлерден бұрын дәрігерлердің айлықтарын көбейткен дұрыс-ау...

ДӘРІГЕРЛЕРДЕН ПОЛИЦЕЙЛЕР ОЗДЫ


Тәртіп сақшылары мен жол полицейлерінің айлығы жақында 320 мың теңге болатын бопты деп жазып жатыр.

Ал мені аяқтары мен таяқтары "асырап" жүрген полицейлерден гөрі, өмір мен өлім арасында жанталасып жатқан адам жанына сауға сұрап, арашашы боп, күндіз-түні операция столынан табылатын дәрігерлердің тағдыры ойландырады.

Дәрігерлердің айлығы бар болғаны 110-142 мың теңгенің арасы екен. Ал ол ақшаның бір бөлігін анау-мынауға ұстаған соң, қолына тиетіні бұдан да азайып кетеді. Ақ халатты абзал жандарымыз бұл мардымсыз ақшамен қай жыртығын жамайды?

Ең көп айлық алады деген дәрігерлеріміз (170 мың теңге) Астанада екен. Бұл да түсініксіз. Өйткені, "Астанада тұратын дәрігерлер неге көбірек алуы керек?" деген де сұрақ туындауы мүмкін ғой.

Сондықтан полицейлерден бұрын дәрігерлердің айлықтарын көбейткен дұрыс-ау, ағайын!


Көсемәлі Сәттібайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 964    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 12:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Тамыз, 11:50
    Ислам және қисын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31