Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Полиция жылы жауып жүре береді... Сонда жүгермектерді кім жөнге салады?

03 сәуір 2019, 13:15

АУЫЛДЫҢ ЖҮГЕНСІЗ ЖҮГЕРМЕКТЕРІН ЖӨНГЕ САЛУ КЕРЕК

Аудандық ауруханада түн ортасында түскен "ашулы" сурет... біздің ауыл 3 ауылмен қатар болса да,«түсініктері» 3 түрлі,бірақ ежелден «атажау».Сол жүгенсіздік ауылдың ішкі тәртібінен басталып тұр ғой.Кешегі сенбіде жолдан барып, Шиелідегі қонақасына қатысып, ауылға кеш барғанбыз.Үй-ішімен шүйіркелесіп, енді құптанды оқиын десек,қаладан келген екі "батыр" көрінбейді, бір кезде көздері алақ-жұлақ етіп келді (кейін әбден жиналысқа түсті екеуі). Сәлден соң інім де солармен бір жақа шығып кетті.Сөйтсек, апақ-сапақта әлгі батырлар көрші ағамыздың баласымен ауыл орталығына барыпты.Сонда жасы үлкен еріккендер ауыл баласын шақырған,ол бара қоймаған,содан еңгезердей бала ілмиген жасы кіші балаға оңдырмай соққы беріп,ол сол жерде есінен танып құлаған,құсқан.Өмірі ондай көрмеген біздің екі #батыр бетіне су шашып, әлекке түсіп, үйіндегілер біліп,ауыл ауруханасына жеткізген.«Әлі есін жимады» деген соң біз де жетіп бардық.Уколдан кейін сәл есін жиыпты.Содан аудандық ауруханаға апару қажет деп, 26 шақырымдағы #Шиелі Орталық ауруханасына келіп, рентгенге түсіріп, кезекші дәрігер «бас сүйектері аман, жеңіл ми шайқалу, қайта берсе болады» дейді ғой,жеңгеміз аман болғанына қуанып,«жарайды» деп көніп тұр,келіспей "Екі сағат есінен танып жатқан бала қалай жеңіл сотресение, ертең мүгедек болып қалса,кім жауапты» деп жатқызып кеттік.Дәрігерлер 1 аптадай емдеу қажет деді.(Арасында кезінде 2,5 жыл қызмет еткен Реанимация бөліміне барып, түн ортасында ескі әріптестеріммен шүйіркелесіп шай ішіп үлгергенсің ғой),бірақ суретке түсу ойда болмады.)
Не керек, жексенбіде «есерсоқ» баланың шешесі, туыстары ағамыздың үйіне келіп жалынып «кешіріңдер, полицияға бермеңдер» деп жылап-еңіреп,анасы талып қалған,ұрған бала да «бұлай боларын білмедім,енді қайталамаймын деді» деп аға-жеңгеміз «ауыл адамдары ғой, кешірейік» дееееп отыр. Бұрын көрші Жөлекте бір бала қарақұстан тиген соққыдан тіл тартпай кеткен, ал Досбол би ауылында осылай төбелесіп, алған зақымға мән бермей,бірнеше жылдан кейін көз жұмғандар бар,ауыл арасындағы "соғыс"әлі бар,мысалдар көп.Полиция жылы жауып жүре береді...Сонда жүгермектерді кім жөнге салады?

Aisha Kenesbai
Фейсбуктегі парақшасынан