Президентті бөжейге айналдыратын шолақ белсенділер шығар

27 қыркүйек 2022, 15:49

ШОЛАҚ БЕЛСЕНДІЛЕР мен БӨЖЕЙ

 

Айгүл Орынбек жазыпты: «Президент келе жатыр, үйден шықпаңыз, әйнектен қарамаңыз!» деп тәтті ұйқымды Шымкент полиция қызметкері келіп бұзды!


Менің әйнегім көшеге қарамайды, үйімнің артында үй тұр ғой, неге мазалайсыз? десем «әйнегіңізді жабыңыз» деп дікеңдеп тұр!»


Айгүлдің жазбасынан мынандай ой түйдік. Тоқаев ешқашан «мен жүретін жолда ешкім терезесін ашпасын» дей қоймас. Президентті бөжейге айналдыратын шолақ белсенділер шығар.

 

Қайнар Олжай

Фейсбуктегі парақшасынан