Простатиттен аманмын ба әйтеуір

04 сәуір 2018, 13:57

Анализ, удз қорытындыларымен мұқият танысып шыққан доғдыр, қайта-қайта басын шайқай берді. Маған бір, қағазға бір қарайды да, үнсіз басын теңселтеді.
Әкесі өлгенді де естіртуші еді.
Мына жүн бет дәрігердің қауғадай басын қайта-қайта шайқай бергені жыныма жақпай қалды. Қабағым қатайтып жүзімді суытып, ал не айтасыз дегендей бетіне тесірейе қараймын.
Тағы да басын шайқаса, бір орнында тұрмайтын басты мойнымен қосып суырып алуға бармын.
Көзіндегі очкиін туырлап алып,
-Қарындас
Жап-жас болып бірнеше итті жинап алыпсыз ғой дегені.
-Иті несі?
Ол өзіне ғана естілетін дауыспен қайта оқып шықты.
Гастрит, радикулит, тағыда басқа иттердің аты аталды. Жалпы иттен аяқталатын аурудың қай-қайсысы болса да жақсы емес. Тыңдауға құлықсызбын. Сөз соңын күтпестен простатиттен аманмын ба әйтеуір деппін.
Амансың деп қарқылдап күлгенде барып уффф дедім.

Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан