Психологиялық тұрғыда есею үшін қартаю міндет емес

Психологиялық тұрғыда есею үшін қартаю міндет емес

Адам мен мемлекет ұқсас жаратылыстар ғой.
Адамның бала кезде алған психологиялық травмалары өмір бойы соңынан қалмайды. Өскенде комплексіне айналады, ол комплексі белгілі бір әрекеттерге итермелейді: ұялшақтық, хронический мақтаншақтық, қылмыс, пессимизм не батыл қадам, жетістік, тағысын тағылар.
Яғни, біз жасымызға қарай бала кез, жасөсірім кез, есейген шақ, ересек шақ дегенімізбен, ортақ бір психологиялық линия болады екен. Ал сол трамвасы мен комплекстерін толық не жартылай қабылдап, емдеген кісінің әрекеті, шешімі басқа. Ол толысқан, болысқан. Қызмет, капитал, сыртқы фактор оған қатты ықпал етпейді. Өз жолымен жүреді. Біреуге жағу, ыңғайлану деген болмайды. Себебі ондай әрекет оған құндылық емес.
Мемлекет те сондай сияқты көрінеді. Патриотизмге шақырамыз деп бюджет ақшасына түсірілген киноларда әлі жоңғарларды шауып жатырмыз. "Көшпенділерден" бері жайратып келе жатырмыз. Олай істейтін біз ғана емес. Ресей, Қытай, Үндістан да сөйтеді. Ресей 1941-1945жж жауды жайратып салғанын қайта-қайта кинода көрсетеді, себебі 143 млн халықты одан басқа бүгін біріктіретін дүние аз.
Қытай Жапонияны соғыста тұқыртып тастағаны туралы 115-ке жуық фильм түсіріпті. Хотя 1937-1945жж аралығында жапондар Қытайда нағыз қырғын жасаған. Нанкинді еске алыңыз.
Енді Үндістан да кезінде британ армиясын қалай жайпап салғаны туралы фильмдер түсіре бастапты )) Лондонға 1 ғасырдай бодан болғанын жаңа көрермен алдында ақтағысы келетіндей.
Яғни, мемлекеттердің бұрынғы әскери травмалары кейін психо-идеологиялық комплекс болып шыға береді екен. Оны емдеу үшін емес, жою, көзін құрту үшін бюджеттен киноға, басқаға ақша бөлінеді.
Алайда есейген елдер де бар. Бірде группамызда оқыған француздан "неге сендер француз виносы, француз тағамы, француз парфюмі" деп айтпайсыңдар десем, "біз әлемге ештеңе дәлелдеуіміздің қажеті жоқ" деген еді. Франция соғыстың бастапқы кезеңінде Германиядан ұтылғанын ақтайтын фильм түсіргені туралы естімеппін.
Жалпы, психологиялық тұрғыда есею үшін қартаю міндет емес. 20 жаста да бұл деңгейге жетуге болады. Мемлекет те комплексін жеңу үшін бірнеше декада күтпесе де болады. Бәрі өз қолымызда.

facebook.com парақшасынан 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста