Мүмкіндік болса, қамқорлық жасаған дұрыс. Байқағаным, соңғы екі-үш айда Қызылорда қаласында жасөспірімдер пайда болды. Жəне күн сайын көбейіп барады. Қолдарында шағын қобдиша. Оның сыртында науқас бір бүлдіршіннің суреті жабыстырылған. Олар көшеде жүрген кісілерден "мына балақайдың еміне ақша қажет" деп теңге сұрап жүр. Жастармен тікелей жұмыс істеп жатқан басқарма мен жастар ресурстық орталығының өкілдеріне сұрақ. (Сіздер мүмкін байқамай жүрген шығарсыздар. Бірақ көшеге шыққан кісінің көретіні анық.) Бұл қайдан шыққан шара? Құрылтайшысы кім? Жастардың бұлай жүруі қаншалықты заңға сəйкес келеді? Осы уақытқа дейін жиналған қаржы қайда жəне кімнің еміне жұмсалған? Аталған мəселенің ақ-қарасын анықтап берсеңіздер...
P.S. Əңгіме ақшада емес. Ірі қалаларда осындай сценариймен қаржы жинап, қалтасын басып алатындар бар. Менікі "мұндай жүйе бізге де келді ме?" деген алаңдаушылық ғана.
Козы Корпеш Жасаралулы
Фейсбуктегі парақшасынан