Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Ресейліктердің өзі одан бас тартып жатса, біз әлі халықты улап жатырмыз

27 тамыз 2020, 12:36

Шошқа фермаларын салып, өздерін етпен қамтуды Қытай жағы ұсынған ғой деймін. Бизнес ұсыныс. Оларда шошқаның еті шамамен 10 мың теңгедей тұрады екен. Біздің екі көршіміз де шошқаның етін тұтынады. Біз бір солардың шикізат базасы сияқтымыз. Одан да ішкі нарықты ойлайтын мықты бір программа жасап шығарсын. Ет пен сүт өнімдерін әлі шетелден тасып жүрміз. Дүкен толған Ресейдің сүті. "Шадринское" дейтін сүтін денсаулыққа зиян пальманың майынан жасайды екен. Ресейліктердің өзі одан бас тартып жатса, біз әлі халықты улап жатырмыз. Бізде не көп, ет пен сүт көп. Солардың орнына неге сапалы өнім шығарып, көршілерге де сатпаймыз оны? Әлде олар өздеріндегі нарыққа кіргізбей ме біздің өнімді?

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан