Сен тұр - мен айтайын!

Əркім жүрегін жалаңаштаумен айналысып кетті

  • Əркім жүрегін жалаңаштаумен айналысып кетті

    Əркім жүрегін жалаңаштаумен айналысып кетті

(Журналистер күнделігі сериясынан)


Баламның азу тістері жарып шыққанда, бір апта дерлік тұла бойының қызуы көтерілді. Сəбимен бірге күйіп-жандық. Дəрі ішкізе беруден өзіміздің жүрегіміз айныды. Қабағы ашылып, ойнауға хал-дəрмені келгенде, күдігіміз сейіліп, жанымыз жадырады. Өмірде қиын-қыстау күн туғанда, жанымызды қоярға жер таппай қаламыз. Яғни, Құдайдың тудырған зауалының бəрі ақырзаман белгісі емес. Сəбидің сүт тістері қызыл етті жарып шыққанын тəн жатырқап қабылдай алмағандай, жаңалық лебін, түнді тіліп түсер күн сəулесіне үрке қарап, қабылдамай жататын кезіміз көп. Бекер! Түбінде, мойындаймыз. Тіпті алақайлап кетеміз. АҚИҚАТ мойындатады...


***

Адамның ең басты ұстазы - Өзі. Ешкім оған (сізге) ақыл үйрете алмайды. Адам саналы түрде қауашақ саңылауынан сығалаған жарықты қабылдайды не қабылдамайды. Көздегі шел - көкірек қараңғылығынан. Рухани кесел менменсіген сайын күшейеді. Бірақ обыр секілді ұрығын жасырады. Жан сезінуден қалады. Ми тұмшаланады. Шелді сыпырып, кемелдену жолына түсу үшін адамның көкірегі ашылуы тиіс. Ісінген кеуде басылу үшін ақиқат шырағына көз тігу қажет. Шешім - Өзіңнен. Тəрбие - Өзіңнен. Тəлім - Ұстаздан.


***

"Дүниеде дұшпаны жоқ - бейшара" деген сарындағы пікір бар. Біреулерге бұл да мақтан. Шығыс пəлсапасына тəн нақыл емес. Жау іздеу қазақ ділінде жоқ. Өз-өзімен, өзінің бойындағы кемшілігімен арпалысқан адам əсте бұлай айтпайды, тіпті олай көкуге ары жібермейді. Шарабасов ұстазымыз "Мыңмен жалғыз алыстым, кінə қойма" деген Абай көппен арпалысып жүрмегенін, керісінше, "қазақтың бойындағы мың кемшілікпен күрескенін" меңзегенін айтып түсіндірген еді. Менің қосарым, ақын, бəлки, бойындағы бар мінімен күрескен: "Жүрегімді қарасам, инедейін таза емес".

Оның қасында, біз...

Ойланыңыз!


***

Жалт-жұлт еткен жарнама заманы есігімізге енгелі ес жия алмай келеміз. Қызылды-жасылды дүние тобырлық түйсікті түртпектеп, көзді тұмшалап, құмарлықты қоздыра береді. Саналы шабуыл тұзағына екілене бас сұғу, бəстесу белең алды. Сондықтан қателеспеңіз! Ешкімді ешкім ТАЛАН-ТАРАЖҒА салып жүрген жоқ, тек əркім өз жүрегін жалаңаштаумен айналысып кетті.


***

Бұрынғының адамдары... Ақкөңіл, мырза, жайдары, т.б. болғанына мен де қол қоям. Əжемнің жаназасынан кейін... "Қайта жаназаны атқарысуға ауыл адамдарының біразы келді. Қазіргі кезде ауылдасын ақырғы сапарға аттандыруға борыш деп келіп, қайғысына ортақтасуға қарекет жасайтындар сиреп барады. Енді төрт-бес жылда жаназаға жанашырлықпен келетіндерді көру мұңға айналады", - деп нағашыларыма аталас кексе адам қолын сермей сөйлегенде, көкірегім қарс айырылғандай болды. Бірақ, "Бұрынғының адамдары..." дегенді ностальгияға айналдырудың қажеті жоқ секілді. Бір теректің тамыры шіріп құлағанымен, маңынан екінші шыбық көктеуі мүмкін. Алмағайып заманда ұрпақтың бір буыны азып, ақыл тозып, асыл жасып, тоқ көңіл тоқырағанымен, қазақтың сүйек жаңғыртып ырымдайтыны, амалдайтыны секілді, рухы жаңғыратын күн де туады.


...Əттең-айы, қазіргі жаңғыру шебі - мерзімді бағдарлама шеңберінде ғана.


Нұртай Текебаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1405    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.12.2018, 11:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    13 Маусым, 10:10
    Ринат жайлы ойым
    7 Маусым, 12:06
    Ауырмайды жүрек

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31