РОМАНТИКА ДЕГЕН СӘПСІМ ЖОҚ

РОМАНТИКА ДЕГЕН СӘПСІМ ЖОҚ

Осы апта ішінде екі рет ұлттық арнадағы "Niet" бағдарламасына көрермен болып бардым. Көрермен арасында отырып, бір апаның қатарлас отырған жас қыздарға (1-2курс студенттеріне) айтып жатқан ақылына құлақ түрдім мен де.

"Менің үйімде өздеріңдей әп-әдемі қазақтың қызы тұрды. Өзі таза қыз. Үйімді еш ойланбастан сеніп тапсырып кете беретін едім, құжат, ақшаларымның қайда тұратынына дейін білді. Ешқашан сенімге селкеу түсірмеді. Өте инабатты қыз. Бірақ жасы 29-ға келсе де тұрмыс құрмаған. Не жігіті болмады.

Күндердің күні бұл қыздың телефонынан маза кетті. Ішім сезді біреудің пайда болғанын. Бірді-екілі сұрағанымда ашылып айтуға ұялып онымды жоққа шығарды. Бірақ мен жанын қоям ба, ақыры біліп алдым (осы жерде күліп алды). Сөйтсем, өзінің ауылдасы бұрыннан танитын жігіт сөз салып жүр екен. Ол да отызға жетсе де шаңырақ көтермеген жан екен.

–Енді неғып жүрсің, қарағым-ау? Осы жігіттің етегінен ұстап кетпедің бе?–десем, әлгі ақылды қызымның сөзі мынау:

–Апа, бәрі жақсы ғой, бірақ өзінде романтика деген сәпсім жоқ!

–Жаным-ау, саған романтика не керек?! Жасың болса отызға жақын, ал мына өзіңмен қатарлас, бұрыннан көзкөрген адам, ұнатып сөз салса, несіне назданасың? Романтика деген не екенін білесің бе, сен?!.. Ол сенің тұрмысқа шығып, дүниеге бала әкелуің. Міне, саған романтика!

Қатты айтып жібердім-ау деймін, қызым бірнеше күн үнсіз жүрді, бір күні шайға шақырып, қайтадан әңгімеге тарттым.

–Басты қатырмай тұрмысқа шық. Уақыт өткен сайын сен іздеген адам табылмайды. Қайта сенің жолың болып, осы жасыңда мынадай жігіт сөз салыпты.

Әрбірден соң "дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады" деген бар. Әйтпесе сендей квартирант қыз өзіме де ыңғайлы, "тұрмысқа шығып қайтесің, әлі одан күштісін табасың" деп айнытып жіберсем де болар еді.

Бірақ менің қазақтың әр қызына жаным ашып тұрады. Бақтары жанып, бір ошақтың отын жағып, ана болу бақытын сезінсе екен деймін. Бар, айналайын, жолың болсын!–деп үйден шығарып жібердім.
Көп ұзамай жақсы хабар естідім. Осы күзде ана атаныпты",- деп әңгімесін айтып тастады.

Сосын әлгі қыздарға бұрылып: "сендер де карьера қумай, 3-курста кетіңдер. Әне, қараңдаршы, Гүлназ Әлімгерей оқуын да оқыды, 20 жасында тұрмысқа шықты, құдайдың берген балаларын да туып жатыр, жұмысын да істеп абыройға ие боп жатыр. Әйгерім Сейфолла да сондай үлгі боларлық қызымыз"–деп аяқтай бергенде режиссердің:" ЭФИРГЕ 20 СЕКУНД ҚАЛДЫ!" деген дауысы естіліп, бәріміз реттеліп отыра қалдық.

P. S. Ех, қыздар, романтика іздеп жүргенде уақыттың қалай өткенін де білмей қаламыз...

Ех, жігіттер, тізерлеп ұсыныс жасамасаңдар да гүл сыйлап, өзге де тосын сый жасап, қыздың көңілін аулауға болады ғой...

Ұзын сөздің қысқасы:
РОМАНТИКА ДЕГЕН КІШКЕНТАЙ БАЛАҢНЫҢ КӨТЕНІН ИІСКЕУ ЕКЕН

Әйгерім Мақажан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста