Сен тұр - мен айтайын!

Рухани дағдарыс

  • Cерік Абас-Шах

    Cерік Абас-Шах

1997 жылы жылы "Хабар" Aгенттігіне жұмысқа орналастым.
Алғашқы бір-екі жыл материалдық жағынан қиындау болғанын жасырмаймын.
Алатын жалақым шамамен 80 доллар көлемінде еді. Ақшаның әжептеуір құны бар уақыт. Бірақ 100 долларға пәтер жалдағандықтан, айлығым ештеңеге жетпейтін. Сосын шеті көрінбейтін "қарыздану процессі" басталады. Құдай жарылқап, бір-екі олигархтың тойына фильм жасап беріп, жиналып қалған қарыздардан құтылғаным есімде қалыпты. Айтайын дегенім басқа еді.
Әлемдік қаржы дағдарысы елдің есін шығарып жатты. Соның арқасында әлгі аз жалақының өзіне де жете алмай қалдық. Өз басым 3 теңгеге бір стакан қара шәй, 6 теңгеге бір "пирожкі" алып "түстенген" сәттерім де аз болған жоқ. Бірақ соған қарамастан ұнжырғамыз түспепті.

Керісінше, ылғи да көтеріңкі күйде жүретінбіз. Барлық адамның кеудесі ертеңгі күн жақсы болады деген оптимизмге толы еді. Президентімізді қатты жақсы көргеніміз сонша - ол үшін "отқа түсуге дайын болатынбыз". Бірақ бұл жағымпаздық емес, риясыз сезім еді. Ал патриоттығымызда шек болған жоқ. Демократия жай сөз емес еді. Шындық айтқаннан "ешкімнің өті жарылып кетпейтін". Бай-манаптар мен шенеуніктер өзін Құдай сезіне қоймаған шақ. Сақалдың да қадірі биік еді.
Қазір не болып кеткенін түсінбеймін.
Баяғыдай аш құрсақ болып жүрген жоқпыз, қарын тоқ.
Базардан емес, қалаған киімді дүкеннен аламыз.
Автобусқа билет алуға тиын таппаушы едік, енді бас-басымызға машина мініп алдық. Көптігіміз сонша - көшеге сыймаймыз.
Күн сайын той, күн сайын мереке... Қапшағайда емес, түрік жағалауында демаламыз. Туған күнді кухняда емес, Дубайда тойлайтын болдық.
Бірақ баяғы оптимизм жоқ. Жоғалта қоятын байлық жоқ болса да, ертеңгі күнге қатты алаңдай бастадық. Ертең не боларын анық білмейміз.
Үкіметіміз "бабник" жігіт сияқты жылтыңдап қояды. Өзіне нық сенімді. Сөзінде бояма көп, жылтырлық басым. Халыққа "бәрібір алданатыныңды білесің, өзіңше болмашы" деген кейіппен қарайтынын қайтерсің?
Жұмыс істейін десем, ешкім кедергі жасап жатқан жоқ сияқты. Бірақ неге екені белгісіз, "болғызбасым болғысбас", "жасатқызбасым жасатқызбас".
Не болып кеттік, осы? Қоғам қандай болып барады?
Түсінбей жүрмін... Түсіне алмай-ақ қойдым...
P.S. Бастан өтті ғой... Советтік тоқырау мен қазіргі кездегі күйімді салыстыра аламын. Жұрт та таразыға салатын шығар? Әрине, айырма үлкен. Халықтың бүгінгі материалдық жағдайы кешегіден әлдеқайда жақсы. Бірақ рухани дағдарысымыз (сол советтік кезеңге) күннен-күнге ұқсап бара жатқан сияқты.
Cерік Абас-Шах
Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 3307    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.09.2014, 12:17

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31