Сен тұр - мен айтайын!

Рухани сорлы жандардан ешқандай опа күтпей, аулақ жүруге тырысқан жөн...

  • Рухани сорлы жандардан ешқандай опа күтпей, аулақ жүруге тырысқан жөн...

    Рухани сорлы жандардан ешқандай опа күтпей, аулақ жүруге тырысқан жөн...

РУХАНИ СОРЛЫДАН ОПА КҮТПЕ...


Жуырда өзім қатты сыйлайтын азаматтардың бірімен кездесіп қалдым. Ұнжырғасы түсіңкі екен.

«Істеп жүрген тәп-тәуір қызметімнен кетуге мәжбүр болдым. «Қызмет – қолдың кірі» ғой. Қабырғама қатты батқаны: мені қудалаған адам – бір кезде жұмысты бірге бастаған, өзіме жақсы таныс кісі. Ол о бастан дүниеқоңыз әрі мансапқор жан еді. Ақыры талай «мүрдені аттап өтіп», дегеніне жетті – үлкен бастық болды. Сол-ақ екен, адам сенбейтін сылтау тауып, мені бірден жұмыстан қуды. Неден жазықты болғанымды білмеймін...» -деді ол мұңайып.

Өмірде осындай жайттар болып тұратындығына менің де көзім жеткен. Тіршіліктің басты мұраты – дүние-байлық деп түсініп, адамгершілік, ар-ұят, әдеп, обал сияқты рухани құндылықтардан жұрдай болған арамзалардың кісілік келбеті жарқын, парасаты биік, ел-жұртқа сыйлы, адал да қарапайым жандарды ұнатпайтын жаман әдеттері бар. Өйткені, ондай адамдар еңкейгенге ғана еңкейіп, ал шалқайғанға шалқайып жүреді ғой.

Байлық пен мансап үшін бәрін сатуға даяр тұратын, өзімшіл, күншіл, қатыгез, кекшіл, бір сөзбен айтқанда, рухани сорлы жандардан ешқандай опа күтпей, аулақ жүруге тырысқан жөн...


Кәрібай Мұсырман

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 623    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.11.2019, 12:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31