Рухы әлсіз адамдар етекте, лас ауамен дем алып, кір-лас су ішіп өмір сүреді

12 сәуір 2018, 10:53

ОЙЛАР, ТҰЖЫРЫМДАР. ИНСАЙДТАР
(Әр күні өміріңді сараптайтын, өзіңді тәрбиелейтін, алға дамытатын ойларды жазып жүру)

Өмір деген бір сапар ғой. Әр адам өз жолын таңдап алады. Мен көбіне өмірді бір үлкен, биік тауға көтерілу күн сайын көтерілу деп ойлаймын. Рухы әлсіз адамдар етекте, тозаңы шыққан далада, лас ауамен дем алып, кір-лас су ішіп өткізеді. Рухы мықтылар ЖОТАҒА, ТАУҒА, ШЫҢҒА ұмтылып, көк майса шөбі, саф ауасы, балдай тәтті мөлдір суы бар жерлерде өмір сүреді. Жоғары көтерілген сайын көз тоймас әдемі, жанға жайлы рахат өмірге кенеледі. Кей сәттерді аяғың тайып кетіп, сырғанап төменге құлауың оп-оңай, ал қайтадан сол құлаған жеріңе жету, көтерілу үлкен қажыр, қайрат, алапат рухты талап етеді. ҚҰЛАУ ОҢАЙ - КӨТЕРІЛУ ҚИЫН. Бірақ таңдау өзіңде… Егер қалған өміріңде өзің және от басың шаң басқан далада, лас кір су ішіп, лас ауамен дем алып өткіземін десең қолыңды бір сілтеп, беріле салуыңа болады. Егер өзіңе және от басыңа басқа, жарқын өмірді тілесең онда бар жігеріңді жинап алып күн сайын, сағат сайын, минут сайын алға қадам басып, ұмтылуың керек.. Мен талай құладым, бірақ көтеріле білдім. Төмендегі, етектегі өмірді де, тау басындағы керемет өмірді де көрдім. Қалған өмірімді тек биікте өткізгім келеді. Оған менің қайратым мен ерік жігерім жетеді деп ойлаймын.. Бар қазақтың баласын күн сайын, әр сәт сайын биіктерге, тауларға қарай ұмтылуға шақырамын! Өзімізді, от басымызжы және елімізді биіктерге шығарамыз! Біздің бойымызда ЕРКІН ҚАЗАҚТЫҢ БҰЛА КҮШІ, ҚАЙТПАС ҚАЙРАТЫ, СЫНБАС РУХЫ бар!

Ахметбек Нұрсила
11 сәуір. 2018
Фейсбуктегі парақшасынан