Сен тұр - мен айтайын!

Сабағын ұмытып кеткен оқытушылар, әйтеуір келіп кетіп жүрген студенттер...

  • Сабағын ұмытып кеткен оқытушылар, әйтеуір келіп кетіп жүрген студенттер...

    Сабағын ұмытып кеткен оқытушылар, әйтеуір келіп кетіп жүрген студенттер...

ЖЕКЕМЕНШІК ДЕНСАУЛЫҚ


Қазақстанда қызық көп қой негізі. Бірақ, мына қызықты түнде ойлап күлкім келді:
Елестетіңізші: жекеменшік емхана, аурухана. Еңселі жеке ғимарат, кең, жарық дәліздер, мұнтаздай кабинеттер, персоналдарын айтсаңызшы.
Енді мемлекеттік аурухана... Еңсені басып тұрады ғой кіргеннен-ақ. Медбикесінен врачына дейін ренжіп, өмірге өкпелеп жүреді.
Хош. Медицинадан білімге өтейік:
Жекеменшік ЖОО: сабағын ұмытып кеткен оқытушылар, қай мамандықты оқып жатқанын әрең еске түсіретін, әйтеуір келіп кетіп жүрген студенттер, ең ақыры өтірік дипломға тіреледі.
Мемлекеттік ЖОО: дәрістер уақтылы оқылып жатады, оқытушылар құрамы да ғалым, профессорларға бай, студенттері де сессия келгенін сезініп безектеп жүретін, ақырында басым көбі дипломын көрсетіп, жұмысқа тұрып кете алады.
Мүлде кереғар түсініктер. Білім үшін мемлекетке жүгін. Ауырсаң, жекеменшікке емдел.
Жекеменшік ЖОО-ның оңып тұрмағанын Президент те білед-ау дейм (конечно, білед. Сингапурдың Президенті емес қой): "Мемлекеттік университеттер коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналғанмен, жекенің меншігіне өтпейді" деді алдыңғы күні өткен ұлттық кеңес жиынында.
«Жоғары оқу орындарының құрылымын өзгерту жұмыстары жүріп жатыр. Бұл ел ішіндегі түрлі әңгіменің тууына себеп екен. Мәселен, "мемлекеттік жоғары оқу орындары жеке адамға сатылуы мүмкін" деген сыбыс жүріпті. Мемлекет басшысы ретінде, мемлекеттік және ұлттық ЖООдары сатылмайтынын мәлімдеймін», - депті Тоқаев.
Министр Аймағамбетов Асхат Президенттің осы сөзін естіп қатты қуанып қалса керек.
Өзі жайнап тұрған сала болса бір жөн, ал, білімді жекеменшікке беруге тәуекел етпеген орынды секілді, қайдам?!
P.S. Ал, осы тақырыпты денсаулық саласына қарай оңтайласа келісіп қалуым ықтимал. Жекеменшік клиникалардағы қызмет сапасы ойыма түсіп кетті.
P.S. Ту тақырыбы тез басылып қалды ғой, чөт?!

Алмас Алтай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1019    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.10.2020, 10:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31