Сен тұр - мен айтайын!

Сабақ басталғалы әйелімнің менімен шаруасы жоқ екен ғой...

  • Сабақ басталғалы әйелімнің менімен шаруасы жоқ екен ғой...

    Сабақ басталғалы әйелімнің менімен шаруасы жоқ екен ғой...

Бұрын ренжісіп қалсақ, 2-3 күн лағып кетсем қатын тулап, айырылсам, сотқа арыз жазам дейтін.
Артынан мендей жігіттің басы бір күн бос екенін білсе басқа қыздардың қағып түсетінін сезе ме, ертесіне сабасына түсе қоятын. Жақсы қатынның ашуы роллтон піскенше деп мақтап қояйыншы. Ашу не айтқызбайды. Өмірге екі қыз келіп естерін біліп қалғаннан кейін мен де көне бастағандаймын. Қаңғуды доғардым.
Бірақ өмір ойлағаныңдай бола ма? Бірден тоқтай алмайсың ғой. Бірақ азайта бастағанымды байқап жүрмін.
Бүгін тағы шу шықты.

Кештеу үйге келсем астаң-кестең. Тамақ жасалмаған.
"Біттім- деді, мен есіктен кірген бойда.
"Жетер енді, шыдамым таусылды. Екі қызыңды өзің тәрбиеле, оқыт..."
Шошып кеттім. Өте сақ едім.Қай жерден мүлт кеттім. Із қалдырмап едім ғой. Еннестим.
Алдында соңғысы болсын деп ескертті қадап тұрып.
Сасқан үйрек артымен сүңгиді дегендей оң иығымды иіскеп қалдым. Байқамай қалды... Бірақ сенімдімін. Соңғы он күнде көзіне шөп салған емеспін.(Оның алдында постаянно бикешпен қыдырып жүргендей)
-Не болды,мынау не, тамақ, шай қайда?
-Өзің істеп іш, нервім көтеріліп отыр, ренжіме мен министрлікке арыз жазам,-деді.
Ірә шошып кеттім. Құдайай қалай біліп қалды екен?
Еще онымен қоймай: "Сен жүре бер солай, мен қоймаймын.Куәгерлер жетеді. Бір жағына шығамын,- дегенде басым айналып, көзім қарауытып кетті.
Ойбай ай, аудандық сот, облыстық соттың айқайлары қойна екен ғой.Министрлікке арыз жазса нағыз война болғаны.
-Кііі...Кім айтты саған?
Даусымды жуандатып өзімше маневр жасай бастадым. Бірақ көзі қанталап кеткен ол ештеңеден тайынар емес.
Министрлік... Аты қандай жаман, суық еді.
Біткен жерім осы болды... Көзіме алимент елестеп кетті. Құрсын қыздарым үшін төлеймін ғой. Бірақ...Осы ойымды тап басқандай тағы да: "Мені үйде отырып ештеңе білмейді деп ойлама, еркектің бәрі бірдей,-деді ау.
Общым, енді сәл болмағанда өзімді ұстап береді екенмін.
Сыртқа шығып кеттім. Есік алдында екі қыз ойнап жүр.
Кіші қызым жүгіріп келіп: "Әке, мамам сабақ оқып болды ма?
Күдікке толы кеудемді бір үміт осып өтті. Жүгіріп үйге кірдім.
"Әй, сен, сен қай министрлікке арыз жазғалы жүрсің?
- Білім министрлігіне, болдым мен тойдым. Мына сабақтан басым қатты. Програмасын өзгертсін.Ш

аршадым. Арызды сен жазып бересің,- дегенде он жыл отасқан әйелімнің көзіне қарап отырып менің де көзіме жас келді қуаныштан.
Әй айналайын ай... Жар жасым кеміп кете жаздап еді. Министірлік... Білім министрлігі...Неткен жылы едің...

Сабақ басталғалы әйеліммнің менімен шаруасы жоқ екен ғой...

www.facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 4348    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.09.2020, 02:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қазан, 02:26
    Бір түрлі елміз иа?
    20 Қазан, 10:36
    Әйел - әззәзіл ғой...
    30 Қыркүйек, 12:55
    Оздық па, тоздық па?!.
    27 Қыркүйек, 14:33
    Сонда бұл да өсек пе?
    26 Қыркүйек, 17:13
    Қоғамға кешірім өте ме?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31