Сабазың қырсық қатын екен, зорға көнді

Сабазың қырсық қатын екен, зорға көнді

ЕРКІН ӘУЕЛБЕКОВТІҢ 90-ЖЫЛДЫҒЫ ТҰСЫНДА...
"АҢЫЗ АДАМ" журналы айына екі рет шығушы еді. Сонда, бір журналды дайындауға екі апта уақыт арналады.
Мен журналға редакторлық қызметке алғаш кіріскенімде өзіме дейінгі редактор – Анар Әлдибекова "Ася, біз бұл номерді Еркін Әуелбековке арнайын деп ойлап едік, бірақ ол кісі туралы материалдар аз екен. Бір апта өтіп кетті. Сіздің уақытыңыз аз, сондықтан осы нөмірді Сабира Майқановаға арнағаныңыз дұрыс. Ол кісі туралы сұхбат берушілер де өте көп" деп кеңес беріп, журналды маған тапсырып, өзі жұмыстан босап кетті.
Сөйтіп, редакторлық қызметтегі менің тұсауымды актриса Сәбира Майқанова кесіп еді. Келесі нөмірді кімге арнаймыз деген уақта мен "Еркін Әуелбековті шығарайын" деп сұрандым. Журналдың құрылтайшысы Жарылқап аға тағы да:
— Ася, Әуелбековті шығару саған оңайға түспейді. Өзің жұмысқа енді ғана кірісіп отырсың. Ол туралы естелік, деректер тым тапшы. Және оны ешкім айтқысы да келмейді. Бұл санды Расул Ғамзатовқа арна" деді. Мен:
— Аға, жоқ, менің Әуелбековті шығарғым келіп тұр, Ғамзатовқа сосын келейін – дедім.
— Өзіңе сенсең, өзің біл. Бірақ Әуелбеков сен қызығатындай керемет тұлға емес, ол туралы айтылып жүрген естеліктердің көбі әсіре жазылған. Мен мұны ол кісінің көзін өзім көрген соң айтып отырмын – деді. Мен "жақсы, мен өзіме сенемін" деп бастап кеттім.
Сұхбатты алдымен марқұм Серікболсын ағадан бастадым. Өте тың, қызықты деректер көп айтты. Өздерінің Мәскеуде көп жылдар бойы бір үйдің бір алаңында көрші боп тұрғанын, Н.Назарбаевтың 1989 жылы Бірінші хатшылыққа талас кезіндегі Әуелбековтің үстінен Кремльге арызды Олжас Сүлейменовтің қолымен қарша боратқанын, керек десеңіз, Нұржанұлының өліміне де сол нашарбаевтың тікелей қатысының барын айтып берді.
Балташ аға, Жасарал аға, Қызылордадан Кеңес аға, Жанұзақ аға, Ермұрат ағалар, тағы да басқа көптеген қоғам қайраткерлерінен жақсы-жақсы пікір жазып алдым. Жазушы Сәбит Досановтың Әуелбековпен жақын араласқанын осы кісілердің біреуінен есітіп, телефонын алып ол кісіге де хабарластым.
Қызықтың бәрі осы кісіде екен... )))
Жазушы көкем сұхбатын алдымен өзінің де Аңыз екенін, алдағы уақытта өзіне бір номер арнағанымызды сұрап бастады. Онысына "Жарылқап ағаға айтамын" деп құтылып, сұхбатты ары қарай жалғастырайық десем, "аңыз" ағам сұхбатын менің дауысыма ғашық болып қалғанына әкеле берді. Одан әрі мен онысын елемеген боп, сөзді олай да былай да бұрып, сұхбатқа әкелем, ол қайта-қайта өзінің ғашықтықтан "Мәжнүн" боп отырғанына тарта берді.
Бір кезде қызды-қыздымен "өзі менімен кездесіп тұрғысы келетінін, мен келіссем менің бар жағдайымды жасағысы келетінін" де жеткізіп үлгерді.
Бірақ бұдан да асқан сорақысы алда екен!
Жазушы-драматург әрі самолет құлағанда "Құдай сүйген — жалғыз өзі" ғана аман қалған "аңыз" ағам, өзі "менің жақын досым болған" деп отырған Әуелбековке өзінің қалай сатқындық жасаған "Ерлігін" айтып тастады.
Онысы былай болған екен...
Әуелбеков өзінің қызмет жолдарында Қазақстанның Бірінші хатшысы Д.Қонаевқа мәймөңкелеп отырмай көп сұрақтардың шешімін тікелей Кремльге шығып шеше беретіндігінен Қонаевқа қатты ұнамайтынын айтып өтті.
Содан, "менің өзім досым Еркін Нұржанұлына кітап арнағым келді" дейді. Ерекеңе барып, "осындай да осындай саған кітап арнағалы жатырмын" деп алдын-ала мақтанып кеткем дейді.
Кітапты дайындап болып, баспаға жіберіп, енді "ухххх!" деп отырсам, мені Қонаев шақыртты дейді.
Барсам, "Сені Әуелбековке кітап арнағалы жатыр дей ме? Дереу кітабыңның көзін құрт" деп дүрсе сала берді. Менің Бірінші хатшыға қарсы келіп, келіспеске шарам жоқ, "жақсы" деп шығып кеттім. Ерекеңе айтып қойғаным ол бар, енді "не істеймін" деп бас қатты.
Содан ойыма бір қулық "сап" ете қалды да, баспаға құстай ұштым. Бардым да, баспахананың директоры орыс әйелге жақсылап тұрып сыйлық алып, "маған мына кітаптағы Еркін Әуелбековке арналған жерлерін Дінмұхамед Ахметұлына деп өзгертіп бер. Ал мына Ерекеңе арналып жазылған кітаптан 10 шақтысын ғана шығар" деп жалындым. Сабазың қырсық қатын екен, зорға көнді.
Содан Әуелбековке арналған бастапқы нұсқасынан 10 шақты дананы Еркінге апарып беріп, қалғанын Қонаевқа апарып беріп құтылды ғой мына Батыр ағаң.... – деп қарқылдап, өз "ерлігіне" өзі масаттана отырып айтып беріп еді.
Айтқандай, Досановтың өз аузымен берген бұл сұхбаты менің диктофонымда әлі де сақтаулы. ))) 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста