Сен тұр - мен айтайын!

"Сабыр түбі - сары қыз" дегендей,...

  • "Сабыр түбі - сары қыз" дегендей,...

Уа, муһтарам Жамағат!


18 жасқа толуына 1 апта қалған сұлу қыз кімге ұқсайды? - Ондай қыз Ораза айындағы түскі асқа ұқсайды. Оразадағы түскі асқа сілекейің ағып қарағандай, жұпар иісі мұрыныңды жарғандай, 18 жасқа 1 аптасы қалған қыз да, сондай сезім сыйлайды. Қарайсың, тамсанасың, қиялдайсың, сүйсінесің, армандайсың, бірақ құшақтауға болмайды. Құшақтап қойсаң жерде Следак айырады

Сондай кезде шыдамдылық танытқан, сабырлыққа бой алдырған, нәпсісін игерген қыздың ер азаматы, Жаратушының алдында ең сабырлы пенде болады. Кімде-кім өз жүрегіндегі зұлым "Аль-Хочунчик" деген шайтанды жеңсе, онда Ораза біткенде суға "от души" қанып ішкендей, қуаныш-қанағатқа бөленеді. "Сабыр түбі - сары қыз" дегендей, өзін сабырда ұстаған адам "Китабу Әл-Қылмыси" үкіміндегі тозақи отынан құтқарылады делінген.

Тек сабырлы адам ғана дұрыс таңдау жасайды. Себебі сұлу қыз 18 жасқа толғанда, қыздың оң жақ иығына "Недам" деген періште қонып, сол иығына "Тезберер" деген шайтан қонады. Сол екі мақұлық бір-бірімен таласқанда жігіт кімге жақтасса, сол жеңеді.

Дұрыс жолды таңдаңдар, Уа муминдар! Адасушылардың қатарынан болмаңдар!

(Абдуссамад ан-Нордмани)

Samat Nordman Nurtaza
Фейсбуктегі парақшасынан


Көрілген: 1731    Пікірлер: 0

жұма, 09.08.2019, 16:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31