Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Сақтық шараларын елемей кетіп, қызыл қырғынның нағыз көкесі сонда болмаса де!

14 тамыз 2020, 11:03

Құрамында консервант жоқ, пісіргесін қауіпсіз болар деп, қолдың сүтін пайдаланам. Күнде ауламызға Талғар жақтағы бір фермадан сүт өнімдерін əкеліп сатады.
Кезекте тұрмыз.
- Мына пəледен қашан құтылар екенбіз? - деді бір орыстың кемпірі тұмсығын қаптай киіп алған тұмшанын көрсетіп.
- 17 тамызда құтыласың - деді, екінші орыстың кемпірі, - карантин ашылады. Телевизордан көрсетті, вирустың көзі құрып, ауруханалар қаңырап бос қалыпты.
- Рас па?
- Иə. Кеше жаңалықтардан өз көзіммен көрдім, соңғы ауруды емдеп, ауруханадағы төсек-орындарды залалсыздандырып жатты.
Кезекте тұрған басқалар əңімеге араласпады. Мен бірдеңе айтқым келіп, оқтала беріп үнсіз қалдым. Карантинді алып тастау деген вирус жоқ болды деген сөз емес, ол еш жаққа кеткен жоқ, қауіп сейілмеді, сақтануды жалғастыра береміз, вируспен қатар өмір сүруді үйренуге тура келеді дегім келген. Бірақ өз көзқарасын соншама нық сеніммен жеткізіп тұрған адамға қарсы пікір айтып, үмітін сөндіру деген ана жерде қып-қызыл дауды өршіту болар еді.
PS: Карантин ашылғаннан кейін ел босаңсып, сақтық шараларын елемей кетсе, қызыл қырғынның нағыз көкесі сонда болмаса де! БАҚ арқылы нақты шындықты жеткізіп, пəрменді насихатты ұлғайты керек-ау!

 

Гүлмәрия Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан