Сен тұр - мен айтайын!

Салафизм ағымын ұстанушылардың осындай бет-бейнесі күннен күнге ашылып келеді

  • Салафизм ағымын ұстанушылардың осындай бет-бейнесі күннен күнге ашылып келеді

    Салафизм ағымын ұстанушылардың осындай бет-бейнесі күннен күнге ашылып келеді

Тек қазақтар ғана емес, орыс отбасыларына да салафизмнің "салқыны" тиіп жатыр. 15 жыл отасқан күйеуі ислам дінін қабылдадым деп салафизм діни ағымына кіріп кеткен Өскемендік орыс келіншегі келді. Айтуынша алғашқы некесінен 14 жастағы бір қызы, ал мына "салафит" күйеуінен 5 жастағы тумысынан ауыратын қызы бар екен. Әңгіменің басы күйеуінің интернет арқылы бір қауымдастыққа кіріп, сол жерден ислам діні туралы қызығып үйренуден басталыпты. Осылайша ол әйелі мен қызына православ дінінен шығып исламды қабылдауды бұйырады. "Три основы", "Четыре правила" деген кітапшаларды күшпен оқытуға тырысады. Ал діннен шығудан бас тартқан әйеліне түрлі қоқан-лоқы жасап, тастап кетемін деп қорқытыпты. Әйелінің ата-анасын кәпірлер деп, олармен араласуға мүлдем тыйым салады. Қызы мен әйеліне хиджап киіп жүруді талап етіп, дүкенге, көшеге үйден рұқсатсыз шықпауды қатаң бұйрады. Ақыры оның бұндай негізсіз талаптарына келіспеген әйелді ауру қызымен қосып талақ тастап, өзінен 17 жас кіші қызбен некесін қидырып кете барыпты. Тіпті әйелі мен ауру қызына көмектесуді де міндет деп санамайды екен. Әйелінің айтуынша әйелі мен балалары мұсылман болмаса оларға көмектесу харам болады деп түсінеді екен. Міне салафизм ағымын ұстанушылардың осындай бет-бейнелері күннен күнге ашылып келеді.

Ермек Құрманғалитегі
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2092    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.02.2020, 10:39

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30