Сен тұр - мен айтайын!

Санадағы, генетикалық деңгейдегі өзгеріс – ол өзгерістердің төресі!

  • Санадағы, генетикалық деңгейдегі өзгеріс – ол өзгерістердің төресі!

    Санадағы, генетикалық деңгейдегі өзгеріс – ол өзгерістердің төресі!

Бұрын ата-анамыз бізден ештеңе сұрамайтын. Өтініш те айтпайтын, кешірім де сұрамайтын. Ондай ситуация болмады емес, талай болды. Бірақ «мен ата-анамын, сен баласың, сондықтан менікі дұрыс, сен менің атқаныммен жүруің керек» деген установка бар-тын. Ештеңе демедік. Көндік. Өйткені олардың тәрбиесі сондай, біздікі осындай болды. Қазір біз жасқа толған, толмаған баланың бәрінің қалауын сұраймыз, таңдауына қолдау көрсетеміз, тіпті кейде ақыл сұраймыз. Байқасам, біздің әке-шешелеріміз бодан ұлттың ұрпағы, бодандық кезеңінің ұрпағы болған екен. Содан да бойда қорқыныш, үрей, алдағы өмірден әлдебір үмітсіздік болған екен. Содан да баласына өз ойын еркін айтқызбаған екен. Кешегі ашаршылықты, 37-жылғы зұлматты көрген ата-бабаның ұрпағы болғандықтан да бойында генетикалық деңгейде қалған үрей екен.
Кеше Еркежан (ортаншы қызым) «үшінші сыныпта оқиды): «Мама, мен ертең күйеуге шыққанда күйеуімнің үйінде тұрамын ба?» деп сұрайды. Сөйтсе Дархан (5 жаста): «Әрине, бірақ келіп тұрасың ғой» деп қояды. Ал біз деген күйеуге шығар кезде ғана ол туралы анамызға айта алдық. Оның өзінде күйеуге шығу деген бір ұят нәрсе сияқты, қысылып әзер айттық. Жалпы күйеуге тию туралы, жігітпен жүру туралы, алғашқы сезімдер туралы ешкімге айтуға болмайтын. Қысқасы, отбасында ешқандай да дауысымыз жоқ еді.
Қазіргі балалар өз ойларын ашық айта алады. Менің інімнің баласы бірінші сыныптың бірінші тоқсаны аяқталғанда үйге келді. Сөйтті де «Бану, мен ғарышкер болғым келеді, ол үшін қай сабақты жақсы оқу керек?» деді. Мен айттым, алдымен математика, дене шынықтыру, содан кейін ағылшын» деп. Біраз жыл тырысты. Басқа еш сабақты оқыған жоқ. Төртінші сыныпқа келгенде, «Мен ғарышкер бола алмайтын болдым, матемді меңгере алғанмен, ағылшының қонбайды, оның үстіне басқа пәндерді нашар оқысаң, математиканы қанша жақсы оқысаң да бестік қоймайды екен. Сондықтан мен спортқа кеттім, деп саналы түрде спорт мектебіне тапсырып, түсіп кетті.

Осындай балаларды тәрбиелеу үшін мемлекет те өз үлесін қосты. Оны мойындау керек. «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Сол бағдарлама аясында біраз жаңа мектеп салынды, біраз мектеп жөндеуден өтті. Олар заманауи үлгіде жабдықталды. Ауыл-ауылға интернет жүйесі тартылды. «Дипломмен &ndash ауылға» бағдарламасы қабылданып, сол бойынша жігерлі, заманауи білім алған жас мамандар тартылды. Ауыл мұғалімдерінің жалақысы қала мұғалімдерінен де көбірек болатын болды. Сөйтіп жаңа ұрпақтың, азат ойлы өркенін жасап шығаруға барынша жағдай жасалды.

Айтайын дегенім, тәуелсіз елде өмірге келген балалардың қызығын енді көреміз. Ұлттың генетикалық коды &ndash дәстүрі мен мәдениетінде. Тәуелсіздікке 30 жыл болды. Тәуелсіздіктің құрдастары 30-ға келді. Енді, міне, аман болса, солардың балалары баяғыда кеткен есемізді қайтаруы тиіс. Азат ойлы ұрпақ өсіп келеді. Құйтақандай болса да өз таңдауларын жасай алады, білімнің пайдалысы мен пайдасызын біледі. Ата-бабасынан жалғасып келе жатқан ұлттық мұраға да құрметпен қарайды. Өйткені олардың ата-анасы біздің ата-аналарымыз сияқты ашаршылық пен репрессия кезеңінің ұрпағы емес. Өйткені олар бір кездегі біздің ата-аналарымыз сияқты қазақ болғаны үшін қорланбайды. Қазақша сөйлеуге арланбайды.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығында артқа көз тастап қарасақ, талай материалдық жоқ-жітігіміз түгенделіп келеді екен. Бірақ мынадай өзгеріс, санадағы, генетикалық деңгейдегі өзгеріс &ndash ол өзгерістердің төресі!
Сенбесеңіз балаңызды өзіңізбен салыстырып көріңіз. Болашағыңызға шүбәсіз сенеріңіз анық.
P. S. Балалардан суретін салуға рұқсат алынған.

Бану Даулетбаева

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 730    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 30.09.2020, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қараша, 15:17
    Бастық Құдай ма?
    8 Қараша, 13:13
    Қыз баланың қадірі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31