Сен тұр - мен айтайын!

Сандәрігерлердің арасында «Жұмабек»-тің кебін кешкісі келетіндер көп бола қоймас

  • Сандәрігерлердің арасында «Жұмабек»-тің кебін кешкісі келетіндер көп бола қоймас

    Сандәрігерлердің арасында «Жұмабек»-тің кебін кешкісі келетіндер көп бола қоймас

Кәріанавирустің кәріне мінуіне орай, заң да қатайып, енді тойхана иесі ғана емес, тойшы қауымды да ыштыраптайды, - деген сыбыс жетіп жатыр. Сондықтан, құрметті ағайын, біріншіден, бирус деген бәледен шама келгенше аулақ жүру үшін; екіншіден, сексен мың теңге ыштырапқа ілінбес үшін, той-домалақтан тартына тұрған жөн болар.
Өз басым, ақпан айында, тума-туыстың қолқалағанына қарамастан, жарты жүз жасымды атап өтуден бас тарттым. Өйткені, біреудің шыныменен бірдеңе жұқтыруына себепші болуды қаламадым; «осының шарасына барам деп әкем/шешем/түгеншем ауырып қалды» деген сөзге де қалғым келмеді; далада жатқан сексен мың тағы жоқ.
Ыштырап (және осыншама мөлшерде) салу дұрыс па, бұрыс па, бұл – өз алдына бөлек әңгіме. Бұйырса, бұған да оралармыз. Ал әзірше, онсыз да қат-қабат түйткілдердің үстіне, айыппұл дауын жамамай-ақ, қойсақ деп отырғаным. «Әні келіп қалады, міне келіп қалады ...» деп алаңдаған отырыста да не береке болады дейсіз.
Жалпы, жоғарыда айтылған әңгіме - сыбыс емес, рас болып шықса, таныс-маныс, сыбыз-мыбыяз ойнамай қалуы мүмкін. Сандәрігерлердің арасында «Жұмабек»-тің кебін кешкісі келетіндер көп бола қоймас.
Сондықтан, дабай, бәріміз тойда кездесейік – кәрінабирусты жеңген тойда!
«Думанға кел, қалқатай, маскыңызды сыпырып!» деп шырқайтын тойда.
Ол тойдың ауылы, ылайым, алыс бола қоймас.

Нұрлан Сәдір

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1314    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 10:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31