Сен тұр - мен айтайын!

САНКЦИЯ КСРО-НЫ ҚҰЛАТТЫ...

  • САНКЦИЯ КСРО-НЫ ҚҰЛАТТЫ...

    САНКЦИЯ КСРО-НЫ ҚҰЛАТТЫ...

Осында көпшілік "Ресейге санкция салынғаны 7 жыл болды, нәтиже жоқ" дейді. Біз өзі сондай қоғамбыз ғой. Таңертең жемістің дәнегін егіп, кешкісін алма жегіміз келеді. Бізге бәрі бүгін, дәп қазір бола қалуы тиіс. Жоқ, достар, олай болмайды. Кей істің нәтижесін ондаған жылдар, тіпті жарты ғасыр күту керек.
Санкциялар кеміргіш сияқты. Ақырындап кеміріп, алып кемені суға батырады. Нәтиже түбі болады. КСРО-ны ұзақ жылдар бойы қыспаққа алған Батыс пен АҚШ биполярлы әлемнің жеңімпазы атанды. КСРО-ны бөлшектеп тастады.
1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін АҚШ Ресейге алғашқы санкцияларды салды. Кеңестік Ресеймен теңіз арқылы сауда жасауға тыйым салды. Себебі ол Ресей империясының қарызын қайтаруы тиіс еді, санкция әсер етті. Сыртқы тауар айналымы 1918 жылы 88,9 млн рубль болса, 1919 жылы ол көрсеткіш 2,6 млн рубль ғана болды. Экономикалық блокада 1920 жылға дейін сақталып тұрды. Сыртпен сауда жасай алмай, іші азамат соғысының отына өртенген Ресей қатты қиналды.
1945-жылға дейін АҚШ, Ұлыбритания, Франция түрлі санкциялар салды. Оның ішінде алтынды қабылдамау, репрессиялық саясатқа байланысты сауда қатынасын үзу, Финляндияға басып кірумен байланысты санкциялар болды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде керісінше санкцияны алып тастап, КСРО-ға көмектесті. Ленд-лизбен орасан зор көмек беріп, миллиондардың өмірін құтқарып қалды. Ал соғыстан кейін АҚШ пен КСРО арасында нағыз қырғи-қабақ соғыс басталды. Санкциялар да осы кезде күшейді.
1948 жылы АҚШ КСРО-ға стратегиялық маңызы бар қажетті материалдарды, қару беруді тоқтатады. Кейін оған Ұлыбритания, Канада, Франция, ФРГ, Аустралия, Жапония және басқа да батыстық блоктағы елдер қосылды.
1962 жылы АҚШ КСРО-ға үлкен көлемді трубалар сатуға тыйым салады. Салдарынан КСРО "Дружба" мұнай құбырын екі жылға кештетіп бітіреді. Осы ретте қазір АҚШ-тың "Солтүстік ағымға-2" қатысты саясатын түсіне аламыз. Оны мүлде тоқтатып тастауды жоспарлап отыр.
1972 жылы КСРО басқа елге барып, өмір сүргісі келетін жандар елге шығын көлемін төлеуі тиіс деген заң шығарды. АҚШ оған жауап қатты, себебі КСРО-дан тек ақылдылар келетін. Яғни бұл заң "утечка мозговты" шектеу еді. Сөйтіп АҚШ эмиграцияға қарсы келетін елдерге экномикалық санкцияның кез келген түрін енгізуге болады деген заң қабылдап жіберді.
1979 жылы КСРО өзін ұйыққа батырған Ауғанстанға басып кірді. Бұл оның үлкен қателігі болатын. Оның әрекетіне қатысты батыстық блок 1980 жылдан бастап блок-блок санкциялармен соққылады. Мысалы АҚШ-тың суынан балық аулауға тыйым салды. Салдарынан КСРО-ның балық аулау әлеуеті жылына 75 мың тоннаға дейін түсіп кетті. Кейін КСРО-ға 17 млн тонна астықты сатудан бас тартты.
Артынша Мәскеу олимпиадасына Батыстық блок келмеді. Туристерден қаржы түсіруді ойлаған КСРО бармақ тістеп қалды. Бірақ онысын сыртқа білдірмеді.
КСРО-ны өз қолымен қылқындырып, буындырып өлтірген Рейган жарықтық Кремльдің жүйкесін әбден жұқартты. Біресе оған труба сатуға тыйым салды, сөйтіп КСРО газ және мұнай құбырына труба алу үшін алтынды бірнеше есе көп сатты. Кейін АҚШ Сауд Арабиясын мұнайды көп өндіруге көндіріп, мұнай бағасын үш есе құлатты. Сөйтіп КСРО-ның табытына шеге қақты.
Әрине АҚШ-тың басқа да стратегиялары болды. Ол жаппай қарулану жарысына КСРО-ны кіргізу, ғарышты игеру үшін жарыс, шикізат бағасын көтеріп, соңынан қасақаны бағаны құлату және басқа. Оның бұл стратегиялары жұмыс істеді. Нәтижесінде қазір КСРО жоқ. Ол өз ішінен ыдырап тынды. Сол үшін де мен АҚШ пен Рейганға алғыс айтамын.
ПыСы: АҚШ-тың қазіргі Ресейге қатысты да өз саясаты бар. Әр шыққан жаңалыққа "Ойбай АҚШ шегініпті" деу қателік. Байден екінші Рейган ба, оны уақыт көрсетер. Біз асыққанмен, АҚШ асықпайды. Әр қадамын ойланып, нақты жасайды. Алып әрі қазіргі Ресейден бірнеше есе қуатты болған КСРО-ны құлатқан Ақ үйдің қазіргі Кремльге де қатысты стратегиясы барына күмәнім жоқ. Вашингтон менің ойымша алдымен Ресейді толық изоляциялауды ойлап отыр. Артынша оны түрлі халықаралық кәсіп жүргізу, кредит алу мүмкіндіктерінен айыра бастайды. Оқшауланған Ресейді экономикалық санкциялармен қысып, ұлттық қоры мен алтын қорын тауысуға мәжбүрлейді. Бастысы сол оқшауланудың ішінде біз қалып кетпесек болды. Барынша түсінікті етіп жазуға тырыстым, өзім осылай ойлаймын. Келіспеуге, қарсы уәж айтуға құқылысыз.

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2039    Пікірлер: 0

жұма, 16.04.2021, 09:55

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31