Сен тұр - мен айтайын!

Сауап істегіштер бүкіл сауапты бұттың айналасына әкеліп тіреп қоятын сияқты

  • Сауап істегіштер бүкіл сауапты бұттың айналасына әкеліп тіреп қоятын сияқты

    Сауап істегіштер бүкіл сауапты бұттың айналасына әкеліп тіреп қоятын сияқты

Ұстамам ұстап қалғанда үйдегі затты түгелдеп қоятыным бар.
Кесе -шәйнек былай тұрсын, балға шегеге дейін түгелдеймін. Әкем жарықтық сондай еді. Сол кісіге ұқсаған шығармын. Бүгін ана жер, мына жерді жинаған болдым. Қарасам орнында отвёртка жоқ.
Өткенде көрші сұрап алған екен, сол бойы қайтармапты.
Зырылдап отырып үйіне барып есігін қақтым.

Есікті күйеуі ашты.
Құдая тоба екі кештің арасында, темболее үйдің ішінде жүріп, күннен қорғайтын қара көзілдірік тағып алыпты.
- Шешші мынауыңда - деп әзілдеген болып өшкисымағын жұлып алмаймын ба.
Бетін көлегейлеп үлгере алмай қалды. Ұялып теріс қарай береді. Байғұстың көзінен біреу аямай ұрған болуы керек. Көгеріп ісіп кетіпті.
-Тыныштық па? Қайдан таяқ жеп жүрсің - деп бәйек болып жатырмын.
Сөйтсем мәселе мынада екен.
Өткендеее мені домды айналып қуған соңынан таяқ жеген, күйеуден қайтып келген томпақ көршім бар еді ғой.
Бұл соған сөз салып тисіпті.
Күйеуден қайтып келді, көне қалады деп ойласа керек.
Анау арсын-гүрсін еркек сияқты бәле.
- Не деп тұрсың - деп көзден жіберіп ұрған екен.
- Сауап! Екінші көзіңді де көгерту керек еді. Нең бар тисіп?
- Сауап жасағым келді -дейді ыржиып.
-Көксоққанның көршісі-ау сауаптың түрі көп емес пе?
Күйіп кеттім.
Отвёртканы алып келе жатып,
- Жаман шалым аман болсыншы - деп тіледім.
Әйтпесе мынадай сауатсыз сауап істегіштер бүкіл сауапты бұттың айналасына әкеліп тіреп қоятын сияқты((

Салтанат Абылбекова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 7449    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 11:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    21 Қыркүйек, 10:15
    Мұндай еркек мүлде жоқ...
    11 Қыркүйек, 13:08
    АҚЫН ЕМЕС, ҚАТЫН КЕРЕК...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30