Сен тұр - мен айтайын!

Саясатта жүрек болса КСРО миллиондаған қазақты аштан қырмас еді

  • Саясатта жүрек болса КСРО миллиондаған қазақты аштан қырмас еді

    Саясатта жүрек болса КСРО миллиондаған қазақты аштан қырмас еді

САЯСАТТА ЖҮРЕК БАР МА?

 

Адам болған соң мейірімділік, жан ашу, қайғыру, жылау сезімдері болатыны анық. Дей-тұра саясатты адам жасаса да, адами сезімдерге қарап саясат жасалмайды. Қазір араб-еврей қақтығысында қаза тауып жатқан балаларды көріп, ет жүрегім езіледі. Соғысты бір қарғап аламын. "Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген" деймін.

 

Алайда саясатта жүрек жоқ, ми бар. Саясатта эмоцияға жол жоқ. Саясатта тек салқынқандылық қана бар. Эмоцияға берілген саясаткерлер, шешімді жүрекпен жасайтын саясаткерлер опық жеуі мүмкін. Саясатта жүрек болса әлемде геноцид болмас еді. Немістер миллиондаған еврейлерді газ камерасында тұншықтырып, КСРО миллиондаған қазақты аштан қырмас еді. АҚШ Жапонияға атом бомбасын тастап, Руандада екі айда миллион халықты шапқымен шауып тастамас еді. Саудия діні бір Йемен халқын үздіксіз бомбалап, Ресей бауыры Украинаның жерін тартып алмас еді. Сондықтан саясатта жүрек жоқ. Болған емес, болмайды да.

 

Саясаткерлерде жүрек бар. Олар да үйінде жылап, еңіреп алатын шығар. Мүмкін жаны ашып, бір өксіп алулары да ғажап емес. Бірақ үйінен шығып, үйінің есігін құлыптап жатқан сәтте, көлігіне отырып, саяси қызметіне кіріскен уақытта ол сезімдерін сол жерге тастап кетеді. Үйіндегі сезімімен шешім қабылдауға барса ертең елі үшін, мемлекеттік және ұлттық мүдде үшін кесірі тиетін шешім қабылдауы мүмкін. Мен үлкен саясаткерлер жайлы айтып тұрмын. Ірі, мемлекеттің тағдырын шешетін жандар жайлы.

 

Саясатта жүрек болмағандықтан соғыс та бола береді. Оның тұсауын Қабыл мен Әбіл жерге қан төгіп, кесті-ау. Бір бауырын екіншісі таспен ұрып өлтірген еді. Айтпағым соғыс мыңдаған жыл бұрын болған, қазір де бар, бізден кейін де болады. Жер бетінде ең соңғы адам өлгенше жалғасын табады.

 

ПыСы: Саясатта жүрек болса мына мен қарап тұрған сұмдық көрініс болмас еді. Ана үйде өмір сүрген жазықсыз балалар өлмес еді. Әлемдік аренадағы қырылысты көрсеңіз, "саясатта жүрек жоқ" деп қойыңыз. Адами жүрегіңіз ауырмау үшін.

 

Посттаррда "жүректері жоқ па" деген пікірлерді көріп, осы ой келді.

 

 

Асхат Қасенғали

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2094    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 22:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 12:47
    Маска шоуына бес тиін
    6 Маусым, 09:53
    Не деген феминизм,ә?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31