Сайлау - емтиханмен пара-пар дүние

05 маусым 2022, 14:43

Сайлаудың не екенін балаларға түсіндірдік. Сөйтсек, дауыс беріп, үйге қайтып келе жатсақ, Нұрикамал:
- Мама-ау, сонымен СОР, БЖБ-ны қалай тапсырдыңдар?- демесі бар ма?!
Қазірше балалар үшін сайлау - емтиханмен пара-пар дүние. Шындап келсек, бұл халық үшін емес, билік үшін нағыз емтихан. Сол емтиханнан сүрінбей өтіп, уәдені орындап, халықтың әл-ауқатын көтерсе, мемлекетшілдік дамыса, шикізат елінен өндіруші елге айналсақ, сөз бостандығы, азаматтық еркіндік алға шықса, міне, нағыз көрсеткіш сол болар еді.

facebook.com парақшасынан