Сен тұр - мен айтайын!

Себепті де, себепсіз қоғамның қисық әзіліне ілініп кеткен қаншама жандар өзін жынды санап жүр екен

  • Себепті де, себепсіз қоғамның қисық әзіліне ілініп кеткен қаншама жандар өзін жынды санап жүр екен

    Себепті де, себепсіз қоғамның қисық әзіліне ілініп кеткен қаншама жандар өзін жынды санап жүр екен

...Жоғары сыныпта оқып жүргенде менің алдымдағы партада отыратын қыздың ырбыңдап төстартқышын (лифчик, яки, бюстгальтер) тартып қайта жіберіп қалдым. (Бұл үрдіс көбіңіздің бастарыңыздан өткен, негізі. Бірақ айтуға ұяласыздар, түсінем) Бұрыла сала:
- Ты чё, больной?!, - деп шапалақпен тартып жіберді. Бола қалған жанжалға мұғалім араласып кеткендіктен:
- Өзің больной..., - дегеннен аса алмадым... Сол күннің ертесінде асханада өш алмақ болып, әлгі қыз енді отыра бергенде орындығын тартып қалып, құлатып тындым. Бәрі қыран-топан күлкіге қарқ болды. Ол қызарақтап орнынан тұра сала, тағы да шапалақпен бір тартты. Тек ыржалақтап күле бергенім болмаса, бұл жолы да үнсіз қалдым... Кейіннен өшігіп, не істесе де:
- Саған психологқа бару керек. Сенде сәл дефект бар. Емделгенің жөн..., - деп қайта-қайта тиісе бердім. Көп ұзамай-ақ мені қолдайтын сыныптағы ұлдар әлгі қыз "А" деп аузын ашса:

- Айка, сен тағы қудың?! Саған емделу керек, - деп әр сөзін күлкіге айналдыруды әдет қыла бастады. Ол аз болғандай әзіліміз жарасатын мұғалімдер де:
- Айка, сен қудың... Расымен саған емделу керек..., - деп бүкіл сыныпты бір күлдіріп алатын болды. Бара-бара "Айка" бүкіл сыныптың прикол центріне айналып кетті... Бір күні сабаққа Айка жалғыз емес, әпкесімен келді. Әпкесі сыныпқа кіре сала:
- Мерей деген кім?! Тұр орныңнан, оңбаған! Мен саған кімнің жынды екенін көрсетейін, - деді айғайға басып. Басымды салбыратып орнымнан тұрғаным сол еді:
- Мектепте бәрі "жынды" деп мазақтайды. "Бәрін бастаған Мерей. Мен расымен жындымын ба?!" деп мына қыз түнімен жылап шықты... Бұл не масқара?!, - деп мұғалімге қарата сөйлеп, орнымнан тұрып тұрған маған келді де:
- Мен саған көрсетейін, сорлы?!, - деді де басымнан нұқып-нұқып жіберді. Артынша Айкадан тіземді бүгіп, кешірім сұрауымды бұйырды. Қарсы сөз айтуға шама жоқ... Айтқанына көніп, кешірім сұрадым. Сол күннен бастап, Айканы ешкім мазақтамайтын болды...
P.S. Себепті де, себепсіз қоғамның қисық әзіліне ілініп кеткен қаншама жандар баяғы бір сыныптасым Айкадайын өзін жынды санап жүр екен.

Аяз Би
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.01.2020, 15:26

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29