Сен тұр - мен айтайын!

Сен әлі қоқыстан утопия іздеумен жүрсің...

  • Аягүл Мантай

    Аягүл Мантай

...Мен кейде кейбір замандастарыма қарата: «Тазалықты, ізгілікті сағыну туралы, оны іздеу туралы әңгіме айту – оңайдың оңайы, ал ол өз бойыңда болмаса, сенің онда оңбай жеңілгенің! Әрі қарай көпшіліктің алдында қызыл сөзді көпіртіп, рөл ойнамай-ақ қой. Себебі, сен баяғыда жеңілгенсің! Сені тобырдың қол шапалақтауы да құтқарып қала алмайды. Мен «Адамды ұялтпаудың өзі – үлкен мәдениеттілік» деген қағиданы жақсы көрем. Бірақ... сіздің бетпердеңізден қатты шаршағанда, анығы шаршатқанда мен ұстанатын қағида жайына қалуы мүмкін» деп айқайлағым келеді. Бірақ оларды қолпаштаған тобыр менің даусымды оларға естірткісі келмейтінін білем де, мен үнсіз, үнсіз ғана өз өмірімді сүрем. 

«Қоғамды «вирустан» тазарту үшін сенің вирусқа қарсы тұратын иммунитетің мықты болуы тиіс. Ал басқасын айтпағанда, сен бәрін де жүрегіңе жақын қабылдайсың. Міне, поезда (метрода) саған қара-қарсы жиырма жастан асқан ауру қызын жетектеп кірген әйел отыр. Мына орыс әйел сәбиі дүние есігін ашқалы ауру қызын сүйрелеп келеді. Ақыл-есі кеміс қыз ақ парақты шимайлап жатыр, шимайлап жатыр. Шимай... шатпақ... Бұл – ауру қыздың ғана емес, мына поезда отырған адамдардың бәрінің «басында» осындай ретсіздік, жүйесіздік... Бұл – сенің де әлемің, анығы, ауруы асқынған сенің қоғамың. Жұрт қалай рөл ойнағысы келсе, өзі білсін, оған бас ауыртудың қажеті қанша?! Олар сол рөлі арқылы қоғамның бет-бейнесін көрсетіп жатыр. Шенеуніктер ұлтты, ұлттық мүддені сатып, ұлттың «жарқын болашағы» туралы биік мінберлерден әңгіме айтып жатқанда, «қызылды-жасылды әлемде» өзін жоғалтып алған, өзін шығармашылық адамы сезінетін, жүйкесінде ауытқу бар адамдарға ренжуге бола ма? Ал сен әлі қоқыстан утопия іздеумен жүрсің. Шаршамадың ба? Жалықпадың ба?» дейді ішкі даусым. Ал, мен ішкі даусымнан қорқам...
Аягүл Мантай
Facebook-тегі парақшасынан




Көрілген: 1622    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.11.2014, 08:24

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Желтоқсан 2021
    Бұлардың қулығы сол
    19 Желтоқсан 2021
    ҚАРЫНДАС ҚАЙДА БАРАСЫҢ?
    15 Желтоқсан 2021
    Қарапайым психология!
    4 Желтоқсан 2021
    Е, алдамшы дүние...
    30 Қыркүйек 2021
    Сөйтсем, "мода" екен

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31