Сен тұр - мен айтайын!

Сен өз ұқыпсыздығыңды ұлтыңнан көрме!

  • Сен өз ұқыпсыздығыңды ұлтыңнан көрме!

    Сен өз ұқыпсыздығыңды ұлтыңнан көрме!

Ұлт және ұқыпсыздық

 

...Белгілі бір мекемеде жұмыс істеп жүрген кезім. Бір күні жұмысқа кешігіп келдім. Кешіккенімді көріп, бастық ренішін білдірді.

 

-Қазақпыз ғой, аға! Кешікпесек жүре алмаймыз, - деп сәл езу тартып, өзімнің айыбымды жумақ болдым. Бұл сөзді ести сала:

 

-Қазақ болсаң қайтейін?! Мен де Қазақпын! Мен неге кешікпеймін?! Анау да Қазақ! Ол неге кешікпейді?! Анау да Қазақ! Ол неге кешікпейді?!, - деп айқайлап әріптес ұл-қыздардың біразының атын атап шықты да:

 

-Қазақ болсаң өзіңе Қазақсың! Сен өз ұқыпсыздығыңды ұлтыңнан көрме! Болмайды олай..., - деп басын шайқап, екінші рет кешікпеуімді қатаң ескертті... Одан қайта кешіккен емеспін... (өзім "Қазақпыз ғой деп ақталғаныма күні бүгінге дейін өкінемін. Менің өмірімдегі үлкен қателігім)

  

Бүгінде көптеген ұлты Қазақ кісілер қит етсе "Қазақпыз ғой", "Уй' Қазақтарға бола береді", "Біз орыстар, немістер сияқты емеспіз", "Бүйтпесек, сүйтпесек Қазақ боламыз ба", "Абай бекер айтпаған ғой, қанымызға сіңіп кеткен" деп бойындағы кемшілігін ұлтына қарай итере салғанға құмар. Сөздеріне қарасаң құдды бір ғаламдағы ұқыпсыздық, олақтық, салғырттық т.б. кісі бойынан табылатын кемшіліктің бәрі тек Қазаққа тән құндылық.

 

Бір білгіштердің "Абай айтқан" деп ақталатынын қайтерсің?! Абай айтса айтылған жерде қалсын. "Қазақпыз ғой" деп қыңыр қылық істей беруге болмас. Менің экс-бастығымның тілімен айтқанда: "Қазақ болсақ өзімізге  Қазақпыз! Өз ұқыпсыздығымызды ұлтымыздан көрмейік! Болмайды олай..."

 

P.S. Рухани жаңғыру деген осы, балалар! Әр Қазақ өз ұлты туралы пессимистік ескі түсінігінен арылып, оптимистік жаңа түсінік қалыптастыратын кез келді. "Елу жылда - ел жаңа" демекші, жаңарайық!!!

 

 

Аяз Би

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2351    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.08.2021, 23:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Қыркүйек, 12:34
    Сөйтсем, "мода" екен
    22 Қыркүйек, 00:33
    Алматинский стрелок-3

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31