Сен тұр - мен айтайын!

Сенгіш, көнгіш, төзгіш, біз сияқты жалтақ буынның уақыты келмейді ешқашан

  • Сенгіш, көнгіш, төзгіш, біз сияқты жалтақ буынның уақыты келмейді ешқашан

    Сенгіш, көнгіш, төзгіш, біз сияқты жалтақ буынның уақыты келмейді ешқашан

ШЫДАЙ ТҰР, УАҚЫТЫҢ КЕЛЕР ӘЛІ...


Осы сөзбен өстік, ер жеттік, тәрбие алдық. «Сенің уақтың келеді...» Үміттендік. Идеология да солай болды. Көрген киномызда. Нұрмұхан Жантөрин Шоқанды ойнаған фильм де солай аталатын «Его время придет»... Шоқан ба, Жантөрин бе өз уақытын күтіп жүр әлі демек.

Бұрын Кеңес үкіметі солай үгіттеді, енді Аса мәртебелі ЖАРНАМА үкіметі де солай насихат жүргізеді. Иә, қате жазғамын жоқ, «Жарнама үкіметі» Кеңес үкіметі не ішіп не киетініңді, кіммен тұрып, кіммен жүретініңді, кім «дос», кім «жау» айқындап берген. «Іріп, шіріп бара жатқан капитализмге» күліп ер жеттік. Енді өзіміздің егемендігімізді алдық деген кезде қарасақ, тағы да басқа үкімет – жарнама үкіметі келді. Орбит, Блендамет, Тампакс,..

Бұрын «Мәдениет және тұрмыс», «Ғылым мен техника», «Білім және еңбек», «Вокруг света» - дегендерді оқып, тек соған көңіл бөліп жүрдік. Жарнама үкіметі ауыздан шыққан демнің иісіне, тістің маржандай болуына, бұтыңның құрғақ жүруіне ой-сананы аударып жіберді. Ұяттағы, бұрын соған мән бермеппіз, елдің демі сасымаған, тісі сарғаймағын болуы керек. Ал, әйелдер талай дүниені жасырып келіпті ғой, қайдан білейік. Айналайын жарнама көзді ашты! Қызды әкеге естіртпей құпия тәрбиелейтін шаңырақ қазір шай ішіп отыре-е-е-еп бала-шағасымен "Тампаксты" көріп, біліп отырады.

Бәрі түріңнің келісті болуына арналған. Мидың келісті болуына ештеме жоқ! Кинолар да солай. Басты қалай қақ жаруға болатынын асықпай көрсетеді, оны немен толтыруға болатынын білмейміз.

«Уақытым келер» - деп тырбаңдаймыз. Әлі де сол біріміз үйсіз, біріміз күйсіз, біріміз еңбегімізге гонорарсыз... Себебі, адамның ішкі жан-дүниесіне ақшасыз кірген жеңіл. Ақшасыз рухтанамыз, жаңарамыз, жаңғырамыз... Аш адамнан адал өнер туындайды!

«Сіздің уақытыңыз өтіп кеткен, қазір өтпейсіз!» - дейді сосын біреу. Ол өзінің уақыты осы екенін білетін сияқты. Біз білмейміз. Біздің уақытымыз әлі болған жоқ, болмайды да. Сенгіш, көнгіш, төзгіш, біз сияқты жалтақ буынның уақыты келмейді ешқашан. Не өткізіп алғамыз, не жете алмай жүрміз. Бірақ, уақыт өтіп жатыр.

Зейнет? Оның да уақыты болған жоқ. Сенің керектігіңнен емес, саған берері жоқтықтан. Тағы сол, "его время придет" - деп, тегін қартаясың...


Асқар Наймантаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 881    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.10.2019, 11:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30