Сен тұр - мен айтайын!

Сенің балаң кімге керек? Елдің біраз бөлігі әлі "жертва" дәрежесінен шықпаған, өспеген...

  • Сенің балаң кімге керек? Елдің біраз бөлігі әлі

    Сенің балаң кімге керек? Елдің біраз бөлігі әлі "жертва" дәрежесінен шықпаған, өспеген...

Сонымен, құрметті айтыскер ақындар, әншілер, асабалар мен блогерлер, Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасындағы жоқ нормаларды талқылап біттіңіздер ме? Бұл заң бір жыл бұрын талқыға түсіп, сайттарда жарияланғанда қайда болдыңыздар? Мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданғанында, депутаттық корпуста күні кеше қайтадан сайланып алған депутаттар да бар еді ғой, олар қайда қалды? Неге дәл қазір шу шығып жатыр? Ойландыңыздар ма, бұл шу кімге керек? Негізі, әркім өз ісімен айналысуы керек. Заң - заңгерлердің, құқықтанушылардың саласы. Мында келіп, айтыскер ақындар халықты шатастырып, дезинформация таратып, баланы ұрып-соғуды ақтап, "Жамбылды Жапай, Абайды Құнанбай сес көрсетіп өсірген" деп қоғамды дүрліктіріп жатса, енді бір блогерлердің "Германияда балабақшадан қызыңның қолы көгеріп келсе, алып кетеді, жылына 500 000 (!!!!) баланы мемлекет тартып алады" деген сыңайда теріс ақпарат таратуы кімге керек? Германия да балаға бай мемлекет екен жылына жарты миллион баланы тартып алса?! Бұл заңның қабылданбауына кімдер мүдделі? Елімізде Dina Tansari сияқты тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен тікелей айналысатын мамандар бар, мықты заңгерлер, құқықтанушылар бар, солардың еңбегі еш кете ме? Мен де қазақтың қызымын, салт-дәстүрге қарсы баптар бар ма, жоқ па, соны анықталып алайық та алдымен? Қарап отырсақ, қоғамда талқыланып жатқан нұсқасы ескі, қабылданған нұсқасы мүлдем басқа. Мемлекеттік сайттар да соңғы нұсқасын беріп, жаңартып отырмай ма? Қазір жұрттың барлық жерде жазып жатқаны - баламды ұрсам, ұрыссам, мемлекет тартып алмай ма? Не деген тирандық көзқарас? Біріншіден, елдің біраз бөлігі әлі "жертва" дәрежесінен шықпаған, өспеген. "Мені де ұрып өсірді, жаман болмадым" дейді. Сенің заманың басқа, қазір баланың өмірі айнадай жұрттың алдында. Қазіргі ұрпақ - индиго ұрпағы, түртсең өзін қор санайды. Сөз көтермейтін ұрпақты өсірген де өзіміз. Бірақ бәрібір балаға құл сияқты емес, тұлға сияқты қарау керек. Бәлкім, сонда ұлт ретінде өзіміз де құлдық қамытынан босанармыз? Екіншіден, сенің балаңды бір блогер жазбақшы, Германиядағыдай ешкім тартып алмайды! Сенің балаң кімге керек? Мемлекет бюджетке салмақ салатын балалар үйлерін жыл өткен сайын азайтып, отбасылық сипаттағы үйлерді қалдырып жатқан жоқ па? Ұрғанның өзінде пәленбай экспертиза жасалады. Негізі, мемлекет әр баланың өз отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз етеді, қолдайды. Үшіншіден, мұндай заңдарды әдетте Ресей сияқты посткеңестік елдер кері шегеріп отырады. Сонда қайтадан заң қабылдауда да Ресейдің ізімен жүреміз бе? Түптеп келгенде, заңның бетін ашпай, бір бабын оқымай, әдемі-әдемі сөздермен, фейк фактілермен көлдей-көлдей пост жазып, халықты шатастырып, құқықтық нигилизмге батыру кешірілмейтін күнә. Мемлекетке сенің балаңның сүндеттелген-сүндеттелмегені маңызды емес, бірақ қоғамды деструктивті идеялармен өзгертуге тырысу, он рет талақ тастап, отбасылық құндылықты іштей іріту, балаларды психологиялық, діни қысымда өсіру проблемалары - мемлекеттік іс.

Камшат Тасболат

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1303    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 10:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Ақпан, 23:29
    Адал мен арсыз

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28