Сен тұр - мен айтайын!

Сенің жатырыңнан өзге ұлттың ұл-қыздары туылғанын қаламаймын

  • Сенің жатырыңнан өзге ұлттың ұл-қыздары туылғанын қаламаймын

    Сенің жатырыңнан өзге ұлттың ұл-қыздары туылғанын қаламаймын

Жақында керемет бір отырыстың куәсі болдық. Айтылмаған әңгіме қалмады. Әңгіме ауаны өзге ұлттың тойына көшті. Мен сол баяғы өзге ұлтпен ағайын қылмасын деп айтып қалуым мұң екен бір келіншек: қызыма орыстың жігіті келіп жүр,жүрмей ақ қойса екен деп тілеймін,-деді. Жанымыздығы бір жігіт: сен анасысың ғой, сен айтуың керек қой қазақтың жігітімен жүр, қазаққа шық деп деп еді, әлгі келіншек: ой что там говорить, мы сами были молодыми деп қарап тұр.

Менің қызым орыстың жігітімен жүреді екен, қазір фотосын көрсетейін деді маган таныс апайым. Телефонын алды да көрсетті. Кәдімгі көзі көк, өзі сары жігіт. Ағай не деді деп сұрағанымда, ой ағаңды көндіремін ғой, бірақ ол қарсы,-деді. Менің қарсы сөз айтқым келіп тұрғанын сездіме: өзі красавчик жігіт, бой десең бой бар. Мейлі орыс болса орыс болсын. За то той жасамаймыз, киіт кигізбейміз, всё будет по-русскому,-деді.

2005 жыл. Атырау қаласы. Бір факультетте болмаса да бір университетте оқыған құрбым болды. Өзі Оралдыкі. Арамыздан қыл өтпестей дос болдық. Әліде солай. Сол қыз 2 жылдай түріктің жігітімен кездесіп жүрді. Мұсылман болса да өзге ұлтпен кездескені маған ұнамады. Басында дұрыс еместігін айттым бірақ өзі ұнатқасын содан кейін үндемедім. Күйеуге шығам, құда түсіртем деген әңгіме шықты. Жазира, менімен бірге біздің үйге жүрші, үйдегілерге күйеуге шығатынымды айтамын, сен қасымда болшы деген соң шашбауын көтеріп менде бардым. Оралға келдік. Ата-анасы қыздарының бақыты үшін келісім беретін болар деген ойда болды менде. Анасы, жеңгесі төртеуміз отырғанбыз. Құрбым: мама, мен күйеуге шығамын,соны айтайын деп,-деді күмілжіп. Мамасы сабырлы қалыппен: руы кім, қай жақтың жігіті деді. Құрбымның тілі күрмелді. Бір қызарып, бір бозарды. Кішкене үнсіздіктен соң ол жігіт-түрік,-деді. Мамасы: махаббат па, ақшама деді. Мама, мен оны, ол мені жақсы көреміз. Бөтен ұлт демесең жақсы жігіт деді құрбым. Мамасы сол сабырлы қалыппен: жоқ деді. Сенің жатырыңнан өзге ұлттың ұл-қыздары туылғанын қаламаймын. Мейлі ол мұсылман болса да. Шығасың ба қазаққа шығасың, туасың ба қазақтың ұл-қызын туасың. Мейлі ол соқыр болса да, жетім болса да, қара шай ішіп, қара нан жесеңде күйеуің қазақ болсын. Тыңдамайды екенсің аналық ақ сүтімді кешпеймін. Бәрінен бұрын әкең естімесін. Біз сендерді елін сатсын деп өсірген жоқпыз,- деді. Болды, әңгіме бітті. Сол құрбым ата-анасын көндіре алмай 1 жылдай жүрді. Жылады-сықтады, болмағасын түріктің жігітімен айырылысып тынды. Жігітті қатты жақсы көретінін айтып жылайтын. Бір жағынан құрбымды аясам, бір жағынан ата-анасына риза болдым. Ата-анасы қыздарының болашағынан гөрі одан туылатын ұрпақты ойлады, ұлт болашағын ойлады.

Мен мұны не үшін жаздым? Желіні негр жігіт пен қазақ қыздың тойы жарды. Қай-қайсысын ашсаңда көретінің солардың тойы. Астындағы пікірлерді оқысаң біреуі дұрыс, біреуі бұрыс дейді. Қанша адам болса сонша пікір бар. Біреуі махаббат дейді, біреуі ақшаға бола дейді. Енді біреулер ортаны, заманды кінәлады. Жігіттеріміз намыссыз дегенде пікірлер бар. Енді кінәлағышпыз ғой. Бірақ бұл жерде кінәлі не орта, не заман, не қазақтың жігіттері емес. Кінәлі осының бәріне көз жұмып қарап отырған ата-ана. Ақ сүтін беріп, үкілеп өсірген қыздарының елімізден жігіт табылмағандай мұхит асуына ата-ана кінәлі.(өз ойым) Тәрбие тал бесіктен басталады, яғни әр бала тәрбиені үйден алады. Бұрын аналарымыз әулетке кір келтірме дейтін. Қазақтың қызы екенімізді, қаны таза халық екенімізді айтатын. Астарлап болса да қанның араласқанын қаламайтынын айтатын. Ал бүгінде ше? "Кейбір" ата-аналардың кесірінен ұлты орыс, қытай, түрік, африкалық жиендер көбеюде. Бұрын көрсек ааа негрды қара, қытайды қара деп аузымызды ашып таң калатын едік, қазір көре-көре көз үйренді. Қазір ештеңеге таң қалмаймыз. Себебі ұлт болашағынан гөрі ақшаны, байлықты жоғары қоятын уақытқа жеттік. Мені бәлкім ұлтшыл дерсіздер. Бірақ менің қаным да қазақ, жаным да қазақ. Мен өзге ұлттың ернінен сүйгенше, қазақ жігітінің табанын сүйейін дейтін жанмын. Сондықтан да қотыр болсын, соқыр болсын, мейлі тышқақ лағы болмаса да өз қазағымның жігітінен артық жігіт жоқ. Сүйем деп өзге ұлттың жігітін жетектеп әкеліп тұрған қызына ата-анасы ақылын айтса мүмкін мұның бірі де болмас па еді деген ой ғой. Айтпағым қазақ қызы қазақтың жігітіне лайықты.


Жазира Аскар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4048    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.07.2019, 10:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31