Сен тұр - мен айтайын!

Шалқыған байды көргенде шалқайған баласынан қорқамын...

  • Шалқыған байды көргенде шалқайған баласынан қорқамын...

    Шалқыған байды көргенде шалқайған баласынан қорқамын...

Бүгін бір аға; “қайдағы холодильник, аз сүтті ашытып алмайық деп, банкымызды балшықтың астына тығатын едік. Біз көрген жоқшылықты баламыз көрмесін деп барымызды беріп бақтық. Ал өскен соң, жұмсайын десең іске ебі жоқ, ұрсайын десең тыңдар жөні жоқ. Балға десең бақырайып, шеге десең шікірейіп қарайды. Қара жұмыс қылып жүріп, ақсаусақ ұрпақ өсіріппіз” дейді. Қорыққаным ол емес. Уайымым, енді ақсаусақ ұрпағы өсірген балалары қандай болатыны...
Кейде ас таппай отырған кедейді көргенде ұрпағынан үміт етемін... Шалқыған байды көргенде шалқайған баласынан қорқамын... Өйткені, аштық адам еткен, тоқтық надан еткен талайды көрдім. Тезек теріп жүргеннен тектілік, теңге аңдып жүргеннен тентектікті көп көрдім. Тарлықпен өскен бала қазақты сүйеді, барлықпен өскені батысқа құмар. Қалай ия?
"Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы" болса, тәртіптен бұрын берілген байлықтың зияны одан үлкен. Сондықтан, балаңызға тауып бере алмаған нәрсеңізбен тәрбие беріп жатырмын деп ойлаңыз. Ақылым тасығаннан емес, көңілім жасығаннан шыққан сөз...

facebook.com




Көрілген: 2796    Пікірлер: 0

жексенбі, 07.03.2021, 00:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31