Шәліні сыпырғанда... Емшегіне ілініп тұрған декольте көйлекті көресің
Жар-жар айтылады. Жеңгелері жас келінді жетектеп әкеледі. Төгілдіріп шәлі жамылған, басын иіп тұрған ибалы келін.
Беташар айтылады. Келін иіліп тұрып сәлем салады.
Шәліні сыпырғанда... Емшегіне ілініп тұрған декольте көйлекті көресің.
Иығы жалаңаш. Омырауының арасы көрініп тұр.
Той үстінде ол келін билейді. Қолын көтереді, жиналған жұрттың бәрі қолтығын көреді. Былайғы өмірде ол келінді көрмейтін ата-әжелер болады ол тойда.
Ертеңінде ұзын халатын киіп, шылауышын салып, сызылып отырып "келін шай" құяды. Двойной стандарт па? Мүмкін.
Назгүл Қожабек
Фейсбуктегі парақшасынан