Сен тұр - мен айтайын!

Шайпау ата-ананың айтқан аудиосын тартып, оған күлу дұрыс емес

  • Шайпау ата-ананың айтқан аудиосын тартып, оған күлу дұрыс емес

    Шайпау ата-ананың айтқан аудиосын тартып, оған күлу дұрыс емес

"Онлайн оқу керек емес. Тоқтатсын! Тоқтат!" деу дұрыс емес. Онлайн оқу ең алдымен оқушы үшін керек. Даңғырлап айқай салмас бұрын, алдымен оқушының өзінен сұрап көрейікші. Оқушы қазір демалыс алып, жазда оқығысы келе ме? Мен кез келген бала мұны қолдамайтынына 99.9 пайыз кепілдік берем. Демек қазір демалысқа жіберсек көпшілік оқушы пікірін ескермегеніміз. Екіншіден ҰБТ тапсыратын 11 сынып оқушылары бар. Оларға оқуды тоқтатуға болмайды. Онлайн болсын олар оқуға ынталы. Олардың әр сағаты маңызды. Себебі бәрі білім алып, грант иегері атанғысы келеді.
Онлайн оқу мұғалім үшін де қажет. Себебі бұл заман талабына сай бейімделу жолы. Ашығын айтқанда мұғалім де жаздың ыстығында сабақ беріп жүргісі келмейді. Дәл қазір демалысқа кетсе оның жалақысы тоқтайды. Бұл сол жалақыға қарап отырған қаншама мұғалімнің отбасына үлкен ауыртпалық. Ол кезде әлеуметтік жағдай тіпті ушығады. Бұл үкіметке қажет емес.
Онлайн оқу ата-ана үшін де қажет. Себебі баласының оқуын тікелей бақылауға, қадағалауға мүмкіндік. Бұрын баланы оқуға жіберіп, өзі жұмыста, баланың қаншалықты білім алып жатқанындығынан хабарсыз жүрсе, бұл жерде баласы көз алдында оқиды.
Қалай алсақ та бұл онлайн оқуға мүдделі тараптар көп. Мемлекет үшін де, оқушы үшін де, ата-ана үшін де, мұғалім үшін де онлайн оқу дәл қазіргі кезде қажет. Бұл вирус болмаған жағдайда да қашықтан оқытуды тәжірибемізге енгізу, болашақта кейбір сабақтарды ақырын онлайнға көшіруді осы бастан қолға алу керек.

Бұл оқуда қиыншылықтар бар. Көп балалы отбасындағы планшет, ноутбук жетіспеушілігі, интернет әлсіздігі. Бұл орынды көтеріліп жатқан мәселелер.
Бірақ бұл мәселелерді шешу жолы онлайн оқытуды тоқтату емес. Бұл мәселені шешу үшін үкімет көп балалы, мүмкіндігі жоқ оқушыны анықтап, уақытша болсын планшет берсін деп айтқан жөн. Жалпы халық санағын өткізуге бәленбай млн доллар бөлініп, планшет сатып алдық деп жар салған статистика және экономика министрлігі қайда? Неге ол планшеттерді астына басып алып отыр? Неге оқушыларға таратылып бермейді? Санаққа бөлінген ақша қайда кетті? Санақты биылша тоқтатсында, ақшаны білім министрлігіне берсін.
Екінші интернет нашар жердегі оқу мәселесін шешуде қазпошта қызметі жандандырсын. Қазпошта қызметкерлері кез келген ауылда бар, болмаса жұмысқа тартылсын жұмыссыз тұрғын. Тек мұғалімдерді кезекшілікке қойып керек емес. Ол қызметкерге арнайы маска, арнайы сырт киім, антисептик қысқасы толық қауіпсіздік шараларын жасап, интернеті жоқ шағын ауылдарда мұғалім тапсырмасын оқушыға жеткізсін. Оқушылар телеарнадан көрсетілген сабақтарды көрсін. Дайындалсын. Қалай болғанда да тығырықтан шығатын жол бар.
"Онлайн оқуды тоқтат!" деп популизммен айналысуды доғарған дұрыс. Бұл шара еріккеннен жасалып жатпағанын бәріңіз жақсы түсінесіздер. Оны мазаққа айналдырып, мұғалімді боқтаған оқушынының, шайпауауыз ата-ананың айтқан аудиосын тартып, оған күлу де дұрыс емес. Қолдан келсе таратпайық ондай бассыздықты.

Мен Қазақтың Баласы

Фейсбуктегі  парақшасынан




Көрілген: 604    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 17:03

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31