"Шегебай осы үйде тұра ма?"
Үйде отырғабыз. Сыртқы есік ашылды. «Сәлеметсіздер ме?» деген биязы дауыс естілді. Әйелдің даусы. Егер даусына қарап адам тануға болатын болса, мынауың өңді келіншек.
Сәлемін алып үлгертпестен: «Шегебай осы үйде тұра ма?» деді. Менің есім шығып кетті... Есің шықпағанда ше, үйіңе әкеңді әйел іздеп келіп тұрса... Және "Шегебай осында тұра ма?" деп өктем сөйлесе... Папамның не ойлағанын кім білсін, менікі ғарыштық жылдамдықпен кетті. Ой жылдам деген рас, ә. Арғы бөлмеден Бану шығып келді: «Ия, осы үйде тұрады. Кіріңіз, мына бөлмеде», - деді. «Кеше «скорый» шақырыпсыздар ғой, бүгін баланың жағдайын білуге келдім», - дегенде барып «ух» дедім. Айбаршынды қарауға келген 6-участоктың кезекші дәрігері екен. Бұлар сөйтеді... Емделушіні фамилиясымен айтады. Айбаршын дей салса нелері кетер еді, адамның есін шығармай.
Бірден баяғы қызық есіме түсті. Бану мен Айбаршын екеуі ауруханада жатқан. Біз папам (Шегебай) екеуміз барғанбыз. Төртеуміз далада біраз отырдық. Бір кезде дәрігер терезеден басын шығарды да: «Шегебай, болды ішке кір, дала суық», - деді. Папам «шок» болды... «ова, ева» деген жаман, бірақ мынау да сәл «неудовна» екен. Сондықтан Бауыржан бабамыздың жолымен «ұлы», «қызы» дегенді жалғауымыз керек-ау.
Сценарий жазып отырсам да, әр минутым санаулы болса да, шыдамай кетіп сіздермен бөлістім. Қалай ойлайсыздар?
Бейбіт Сарыбай
Facebook-тегі парақшасынан
Жұлдыз
Радиосы