Сен тұр - мен айтайын!

Шектеулі уақытынан асыра пайдаланып, екі ортада адамдарды жазым қылып отырмыз

  • Шектеулі уақытынан асыра пайдаланып, екі ортада адамдарды жазым қылып отырмыз

    Шектеулі уақытынан асыра пайдаланып, екі ортада адамдарды жазым қылып отырмыз

«Фокер» компаниясы 1996 жылы банкротқа ұшырап, содан бері олар ұшақ жасап шығармайтын болған. Соның кесірінен ұшаққа арналған қосалқы бөлшектерді табу, инженерлік жөндеу жүргізу, керек-жарағын зауыттың тікелей өзінен алдыру сияқты жұмыстар да біржола тоқтаған екен. Қалған-құтқандары қазір Қазақстан секілді мешеу мемлекеттерде, «үшінші әлемдегі елдер» деп аталатын «дамыған» мемлекеттердің әуе кеңістігін шарлап жүр. «Бек эйр» да сол қаңсықты құр сүлдері қалғанша пайдаланып жүрген компанияның бірі болатын. Бізде әуе қатынасы саласы да тапқа бөлініп кеткен ғой. Байлары – басқасымен ұшады да, кедейлері – қайсысы арзандау, соған барып билет алады. Адамдардың таңдау еркі бар деп өтірік көсемсігенімізбен, бұл дегенің барып тұрған диверсия. Бұл – түбі бір болуы тиіс апат болатын. Қанша мықты дегеніңмен, кез келген самолеттің ресурсы, пайдаланатын мерзімі болады. Біз сол шектеулі уақытынан асыра пайдаланып, екі ортада адамдарды (кедейлерді) жазым қылып отырмыз. Жазды күні осындағы бір досым Скатпен ұшыпты. 2000 жылдары шыққан ұшақтың борты толған қытайша жазу дейді. Қытайда оны әбден пайдаланып, жауыр болып біткен, өзін әрең алып ұшатын ұшақты бізге сата салған секілді. Бізде адам өлмейінше қимылдамайтыны жаман. Осыдан сабақ алса жақсы енді.

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1297    Пікірлер: 0

жұма, 27.12.2019, 12:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29