Сен тұр - мен айтайын!

Шенеуніктерде Абай тойын мазмұнды өткізейік деген жауапкершілік бола ма?

  • Шенеуніктерде Абай тойын мазмұнды өткізейік деген жауапкершілік бола ма?

    Шенеуніктерде Абай тойын мазмұнды өткізейік деген жауапкершілік бола ма?

Абай әуелі ақын. 175 жылдықты тойлаймыз десе, әуелі Абай поэзиясына, Абай поэзиясының эстетикасына, Абайдың ақындық әлеміне үңілу керек шығар. Әрине, абайтану бүгін басталған жоқ һәм бүгін аяқталмайды. Абайтануды Әлихан бастады, Ахмет жалғастырды дейміз. Бірақ, Абайды ақын ретінде тану, оның поэзиясының жауһарын ақтару "Екеу" (Аймауытов, Әуезов) деген лақап атпен 1918 жылы "Абай" журналына жарияланған мақаладан басталған. Абай поэзиясы туралы Әуезовтің толғамдарын айтпағанда, шоқтығы биік, талдауы мол бір сын Тәкен Әлімқұловтың "Жұмбақ жан" кітабы. Осы сарындағы кейінгі үлкен еңбек Тұрсынжан Шапайдың "Анық Абай" циклы. Абайды ұғамыз, Абайға жақындаймыз десек, осы жолды іздесек керек-ті. Әрине, Абайға әркім әрқилы қарайды. Абайды әр тұрғыда талдайды һәм "әр ұрпақ, әр таным деңгейі өз сөзін айтады". Бірақ, Абай тойын өткізу комиссиясына жалғыз абайтанушы (Ғ.Есім), бірнеше аты-жөні жазылған тұлға мен бір топ қызмет-лауазымның ғана енгені қызық екен. Ертең ауысып кетсе деген себеппен бе, тәртібі сондай ма, әйтеуір тек лауазымдар ғана көрсетіліпті. Ендеше, ертең бұ қызметте отырар-отырмауы белгісіз шенеуніктерде өре демейін, Абай тойын мазмұнды өткізейік деген жауапкершілік бола ма?


Болат Мүрсәлім

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1226    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.08.2019, 10:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31