Сен тұр - мен айтайын!

Шешем оқыған әйел ал деп құйып еді құлағыма, тыңдағаным ақыл бопты

  • Шешем оқыған әйел ал деп құйып еді құлағыма, тыңдағаным ақыл  бопты

    Шешем оқыған әйел ал деп құйып еді құлағыма, тыңдағаным ақыл бопты

Бүгінгі казақ жігіттерінің  трагедиясы немесе бір таксистiң әңгімесі.

 

Жұмыстан келе жатып, үйiм жаққа баратын таксиге отырдым. Кішкене тамағымды кенеп жөтелiп едім.

 

-Ауырып қалдыңыз ба тәте, - деп таныс адам сияқты сөз бастаған  таксист жігітке, мені танитын біреу ма деп анықтай бір қарадым. Танымадым.

 

Бірақ, сонда да сыр бермей, иә бәрі дұрыс, жұмыстан келемін, - дедім.

 

Таксист - денелі, 24-25 тердегi тепсе темір үзетiн жас жігіт екен. Сөйтіп ананы мынаны сөз етіп, 10 мин адам күте тұрайық тәте, - деді. Ертерек үйге жеткім келсе де жақсы деп, тағыда күте тұруға келістім. Жігіт сөзшен екен, әлде іші пысып отырған болар, әйтеуір әңгімесін әрі қарай жалғастырды.

 

- Пәленше деген мұғалім келіншекті танисыз ба? Үш зарплат алатын, - деді.

 

Кішкене саяжайлык елді мекен болғасын  ол келiншекпен сырттай таныс едім.

 

 - Иә, білем дедім.

 

 - Сол менің келіншегім, үш жерде жұмыс істейді. Үш балам бар.   Шешем 150 мын теңге пенсия алады. Мына машинаны да өздері әпердi. Бұзылып калса да жөндетiп алсаншы деп, жандары калмай ақшаларын өздері береді. Шешем кезінде оқыған әйел ал деп құйып еді құлағыма, соны тыңдағаным ақыл  бопты, - деді.

 

 Түріне қарасам өзіне өзі сондай разы, маңғазданып, астындағы ескі көлігінің  газын шірене басып, темекісiн тартып қойып отыр... Өміріне дән риза...

 

 Дамиын, өзім жетістiкке жетейiн, жеке  бизнес ашайын, оқиын, ізденейiн - деген ой жоқ.

 

Қайран босқа кеткен алтын уакыт!  Жалындап жанатын жастык шак!

 

Тиынын төлеп, рахметiмдi айтып, жетер жеріме келіп түсіп қалдым.

 

Бірақ, біздің казақтың ұл тәрбиесі дұрыс емес-ау осы, - деген  дүдәмал, көңілсіз ойда қалдым.

 

 

 

 

Kamshat Zhanarbek

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 4957    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.02.2021, 00:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 10:41
    29 жыл ғана қалды
    26 Наурыз, 10:31
    Не дейін, не дейін...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30