Сен тұр - мен айтайын!

Шетелге кетем, кетем деп қоқаңдай беретіні несі екен?

  • Шетелге кетем, кетем деп қоқаңдай беретіні несі екен?

    Шетелге кетем, кетем деп қоқаңдай беретіні несі екен?

  • Шетелге кетем, кетем деп қоқаңдай беретіні несі екен?

    Шетелге кетем, кетем деп қоқаңдай беретіні несі екен?

Осы жұрт қызық! Шетелге кетем, кетем деп қоқаңдай беретіні несі екен? Кəдімгі шетелде біреу құшақ жая күтіп отырғандай. Шет мемлекет барғанның бəрін ай жоқ, шай жоқ қабылдай береді деп кім айтыпты? Тіл кедергісі өз алдына бір мəселе. Қала берді шетелде тұрудың да өз тəртібі бар емес пе? Қандай визамен баруды ойлаған жан бар ма өзі? Əлде туристік визамен барып қайтпай қалып, заңсыз өмір сүріп, қашып-пұсып жүріп, пұшайман күн кешуді қалай ма екен? Басқа мәселелерді жинап-тернеп қойғанның өзінде біздің елдегі ұзын арқау кең тұсау тірлікке еті үйренген қазақтың шетелдегі қатаң тəртіпке (мəдени тұсауға) бірден көндіге қоюы да екіталай. Онда біздегі секілді тойға немесе асқа баратын едім, ойбай балам ауырып қалды, ойбай үйдегі қарт ата-анам ауырып қалды деп, немесе не болса соны сылтау етіп, жұмыстан сұранып қала салу деген болмайды. Еңбек демалысыңның өзін бір жыл бұрын жоспарлайсың. Кіріс-шығысыңның бəрі алақандағыдай ашық. Жең ұшынан жалғаса қою, ым-жымын білдірмей алдай салу деген жоқ. Мəймөңкелесіп жатпайды, құйрықтан бірақ тебеді. Əке-жəке, көке деген мүлдем жат ұғым. Қысқасы бар тірлік есеппен, ережемен жүзеге асады. Басқан қадамың қатаң тəртіп пен бұлжымас ережеге негізделген. Сенбесеңіздер, Қазақстаннан көшіп кеткен немістерден сұраңыздар. Егер біздің елдің экономикалық жағдайы жақсарса, бəрі шұрқырап қайта көше жөнелуге шақ отыр.
Жастар бəлкім, бөтен жағдайға тез бейімделер. Заңсыз жүруге де көндігер. Оларға жылы төсек, жұмсақ жастықтың, медициналық сақтандырудың, түрлі əлеуметтік пакеттердің де керегі болмас. Жастардың асқазаны бутерброд пен пицаны да сіңіре береді. Ал жасы жарты жолдан асқандардың жылы орнын суытпай-ақ қойғаны дұрыс-ау!.. Құдайдан мүйіз сұраймын деп, құлақтан айырылғысы келмесе... Денсаулығы "жақсылап" бір мазалаған күні қайда барып тығыларын білмей, елдегі өмірі көзінен бұл-бұл ұшып, берекесі бес бидай болғанда, "кетем, кетем" деп қоқаңдағанның көкесін сонда көреді:)
Шетел деген бір барып, аралап көруге ғана жақсы.
Біраз елді аралап көргеннен кейін осындай тұжырымға келдім.

Гүлмәрия Барманбекова
Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.01.2020, 10:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Шілде, 11:16
    Солар жазалансын...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31