Сен тұр - мен айтайын!

Шикізат сатқанға мәз болып, қашанғы біреудің қаңсығына таңсық болып отырамыз?!

  • Шикізат сатқанға мәз болып, қашанғы біреудің қаңсығына таңсық болып отырамыз?!

    Шикізат сатқанға мәз болып, қашанғы біреудің қаңсығына таңсық болып отырамыз?!

Құдай көпсінбесін, қазір Маңғыстауда қойдың саны 500 мыңнан асты, түйе, жылқы, сиырды қосқанда 700 мыңға жуықтайды екен. Бірақ, қазақ әуелден малы мен баласының санын асылдық болады деп толық айтпайды. Маңғыстаудың малы бұл саннан әлде қайда көп болуы мүмкін? Алайда, біздің жерде мал бағу оңай емес, жер- қуаңшылық, жем-шөп қымбат. Малдың жүні мен терісін пайдаға асыра алмай, далаға өртеп жатырмыз. Бір қойдан жабағы мен күзем жүн қырыққанда жылына 3 кг жүн шығады. Маңғыстауда 500 мың қой болса, жыл сайын 1 миллион 500 тоннадан аса жүн, 200 мыңнан аса тері далаға өртеледі, не қоқысқа тасталады.

Бұл нақты факті, себебі мен сол ауылда тұрамын. Неге бұлай?! Маңғыстаудан жүн , тері өңдейтін шағын цехтар салуға болмай ма?! Біздің аталарымыз малының терісін илеп, былғары етік, тон мен тұмақ киді, жүнін иіріп, шекпен тоқыды. Неге біз ата кәсібімізді заманға сай дамытпаймыз? Қашанғы қытайдың сапасыз, денсаулыққа зиянды аяқ киімін киеміз? Қазір жүн тері өңдеу кәсібі Түрік елінде жақсы дамыған деп естиміз. Сол елге барып, кәсіпкерлерімен сөйлесіп, оларға барлық жағдайлар мен жеңілдіктер жасап, Маңғыстауға әкелуге болмай ма?. Сонда біздің ауылымыз дамиды, жұмыс орны ашылады, біз өз киімімізді, өзіміз тігіп киетін боламыз. Болашақта бұл кәсіп өз елімізде қалады. Қашанғы мұнайға қарап телміріп, қашанғы шикізат сатқанға мәз болып, қашанғы біреудің қаңсығына таңсық болып отырамыз?! Бұл мәселені қашанға дейін соза береміз, бұған не кедергі?!

Нақты іске көшетін уақыт жеткен жоқ па?


Жәнібек Қожық

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1344    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 11:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31